Перейти к содержимому страницы.

10 ҚАҢТАР ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

10.01.2022

Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көптеген адамның қайтыс болуына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бүгін Қазақстан бойынша Мемлекеттік тулардың барлығы төмен түсіріліп, бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилер, полиция өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет көрсетілуде.

Осы ретте Павлодар Педагогикалық университетінің ұжымы елімізде орын алған лаңкестік топтардың әрекеті салдарынан қайтыс болған азаматтарды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ, тыныштық үшін жан тапсырған жандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Егемендік жолында қызметтеріне барынша адал азаматтардың есімдері мен еткен ерлігі ешуақытта ұмытылмайды.

Сонымен қатар, барынша сабырлы болып, тек ресми ақпараттарға ғана сенуге шақырамыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!