1 ЖЕЛТОҚСАН – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖИТС-КЕ ҚАРСЫ КРЕС КҮНІ!
30.11.2022
1 желтоқсанда аталып өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Павлодар педагогикалық университетіне ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының өкілдері келіп, студенттермен кездесті. Іс-шара Павлодар облыстық ЖИТС орталығының мамандарына деген сенім деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясына қатысты стигманы жеңу, сондай-ақ жергілікті деңгейде ЖИТС індетіне қарсы тұру мақсатында өткізілді.
Кездесуде АИТВ және ЖИТС ұғымдары, таралу жолдары, алдын алу шаралары қарастырылды. Орталық мамандары студенттерге алдын алу шаралары, оларды қайда тексеруге болатыны туралы жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар, қызметкерлер студенттердің барлық сұрақтарына жауап беріп, тілек білдірушілермен экспресс-тест өткізді. Кездесу соңында барлық қатысушыларға АИТВ инфекциясы туралы ақпараттық брошюралар таратылды.