Перейти к содержимому страницы.

Жилбаев Жанбол Октябрович

 Жоба туралы қысқаша ақпарат (жобаға: https://cyberacademy.ppu.edu.kz/):

Жоба атауы мен ЖТН нөмірі:

AP19678646 «Комплаенс-менеджментті пайдалану негізінде мектеп білім беру ортасының киберқауіпсіздігін педагогикалық қамтамасыз ету», жоба жетекшісі Жилбаев Жанбол Октябрович

Іске асыру мерзімі:

3 тамыз 2023 ж — 31 желтоқсан 2025 ж, 35 ай.

Актуалдылығы:

Көрсетілген мақсатты жүзеге асыруға бағытталған мәселе – мектептің білім беру ортасының субъектілері киберқауіпсіздік, киберқорғау және киберэтика мәселелері бойынша жеткіліксіз хабардар болуы. Бұл әсіресе соңғы жылдары Қазнетте кибершабуылдардың саны бірнеше жүз есе артқанын, жаппай сыртқы шабуылдар тіркелгенін ескергенде өзекті болып отыр. Бұл жағдай желілік ресурстардың осалдығын және білім беру ортасын қорғаудың маңыздылығын көрсетеді, өйткені мектептер Kundelik.kz, Bilimland.kz, Ekitap.kz, Onlinemektep.kz сияқты ақпараттық жүйелерге қосылған. Сонымен қатар, киберзарарлы ықпал әсіресе өсіп келе жатқан жас ұрпақтың санасына психоманипулятивті әсер етеді, тек оқушылардың ғана емес, олардың ата-аналары мен мұғалімдерінің де эмоционалды тұрақтылығына теріс әсерін тигізеді.

Мақсаты:

Жобаның мақсаты – тұлғаның әлеуметтік және психологиялық қорғанысын бұзатын әсер ету формасы ретінде киберқауіптерді тұжырымдамалық тұрғыда негіздеу және мектептің білім беру ортасындағы киберқауіптерге қарсы әрекет етудің алдын алу механизмдерін комплаенс-менеджмент негізінде әзірлеу.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер

Күтілетін нәтижелер:

1)         Комплаенс-менеджментті қолдана отырып, мектептің білім беру ортасындағы киберқауіпсіздіктің тұжырымдамалық негіздеріне сипаттама беру.

2)         Білім беру процесінің субъектілерінің әлеуметтік және психологиялық тұрақтылығына теріс әсер ететін киберқауіпке қарсы әрекет етуге бағытталған алдын алу стратегиялары мен тетіктерінің кешені:
– мектеп оқушыларымен жүргізілетін тәрбие жұмысының жаңа тұжырымдамасы (киберқауіпсіздік парадигмасы ретінде);
– мектептің білім беру ортасындағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету стандарты;
– мұғалімдерге, ата-аналарға және оқушыларға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (киберқауіпсіздік тәуекелдерін басқару менеджменті мен комплаенс-менеджментті қамтиды);
– мобильді құрылғыларға бейімделген, киберқауіпсіздік бойынша білім мен дағдыларды меңгеруге арналған материалдар жинақталған кроссплатформалық сайт.

3)         Аталған сайтта әзірленетін материалдарды орналастыру құралдарын жасау.

4)         Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Web of Science базасына, сондай-ақ Scopus базасында кемінде 35 процентильге ие журналда ғылыми мақала жариялау.

5)         ҚР БҒМ КОКСОН ұсынған қазақстандық ғылыми журналдарда 3 мақала жариялау.

6)         Екі профессор және/немесе ғылым докторы тарапынан рецензияланған және баспаға ұсынылған ұжымдық монография шығару.

7)         Монографияға зияткерлік меншік нысаны ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ҚР патент бюросынан алу.

8)         Зияткерлік меншік нысандары бойынша авторлық куәліктер алу.

Қол жеткізілген нәтижелер:

2023 жыл:

−  Комплаенс-менеджментті қолдана отырып, мектептің білім беру ортасында киберқауіпсіздіктің тұжырымдамалық негіздеріне сипаттама берілді.

−  Қауіпсіз білім беру ортасын жүйелеуші белгілері тұрғысынан киберқауіпсіздік базалық ұғымдарының дескрипторлары анықталды.

−  Киберқауіптер, оның ішінде заманауи психоманипулятивті әсерлердің оқушылардың әлеуметтенуіне және білім беру ұйымдарының ақпараттық-цифрлық жүйесіне әсері сипатталды.

−  Мұғалімдер мен ата-аналарға арналған киберқауіпсіздік бойынша семинарлар мен тренингтер бағдарламалары, сценарийлері және хаттамалары әзірленді.

−  КОКСОН ұсынған басылымда ғылыми мақала жарияланды.

−  Мектептің білім беру ортасындағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиялары мен тетіктерін әзірлеуге эмпирикалық алғышарттар айқындалды.

−  Цифрлық сауаттылық деңгейлерінің дескрипторлары мен критерийлері әзірленді.

−  Кибершабуылдар мен кибертерроризм салдарынан туындаған мазасыздық пен кернеуді өлшеуге арналған диагностикалық құралдар дайындалды.

−  Мектептегі қорғаныс құралдарына (мысалы, электрондық пошталар мен файлдарды шифрлауға арналған криптографиялық протоколдар) сипаттама берілді.

−  Мұғалімдер мен ата-аналарға арналған семинар мен тренинг материалдары әзірленді.

−  Білім беру процесінің субъектілері үшін алдын алу стратегиялары мен қарсы әрекет ету тетіктері жасалды.

−  Мобильді құрылғыларға бейімделген кроссплатформалық сайт пен оған арналған контентті орналастыру құралдары дайындалды.

2024 жыл:

−  Киберқауіптерге қарсы алдын алу стратегиялары мен тетіктерінің кешені әзірленіп, бекітілді.

−  Киберқауіпсіздік парадигмасы ретінде оқушылармен тәрбие жұмысының жаңа тұжырымдамасы, киберқауіпсіздік стандарттары мен әдістемелік нұсқаулықтар дайындалды.

−  Кроссплатформалық сайт жетілдіріліп, материалдарды орналастыру құралдары енгізілді.

−  Киберқауіпсіздікке қатысты интернет, қоңыраулар, вирустар және т.б. нақты жағдайлар бойынша бейнесабақтар, әдістемелік нұсқаулықтар, интерактивті тапсырмалар мен тесттер жасалды.

−  КОКСОН ұсынған отандық немесе шетелдік журналда ғылыми мақала жарияланды.

−  Нәтижелердің валидтілігі мен сенімділігіне баға берілді.

2025 жыл:

−  Ғылыми нәтижелердің шынайылығы тексерілді.

−  Мектептегі киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізі ретінде білім беру процесі субъектілерінің цифрлық сауаттылығын дамытуға бағытталған тәжірибелік-педагогикалық жұмыс бағдарламасы әзірленді.

Жарияланымдар мен патенттер тізімі

Отандық мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар:

- L.S. Syrymbetova, Zh.O. Zhylbayev, Z.K. Kulsharipova, M.U. Mukasheva, D.B. Abykenova. Parameters and criteria of the school educational environment expertise// Вестник КазНПУ. Серия «Педагогика и психология». – 2023. Volume 56, №3, с. 124-133

https://doi.org/10.51889/2960-649.2023.15.3.014

- Жилбаев Ж.О., Асаинова А.Ж., Матенова Ж.Н., Абильдинова Г.М., Абыкенова Д.Б. Комплаенс-менеджмент и управление рисками кибербезопасности в системе школьного образования: теоретический обзор//Вестник Карагандинского университета. Серия: Педагогика. .– 2024. – Том 29. Выпуск 1(113). – С. 106–113.

https://doi.org/10.31489/2024ped1/106-113

Ғылыми-зерттеу тобының құрамы

Жилбаев Жанбол Октябрович

Ғылыми дәрежесі: Педагогикалық ғылымдарының кандидаты
Ғылыми атағы: Доцент
Лауазымы: Профессор
Жұмыс орны:  КеАҚ «Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті»
Ғылыми қызығушылықтары: Жалпы педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, этнопедагогика
Негізгі жарияланымдар (6-дан көп емес):
— Integrated approach to the development and implementation of distance courses for school computer science teachers // 14th IEEE International Conference on Application of Information and Communication Technologies, AICT 2020 — Proceedings, 2020, 9368817
— Spiritual modernisation of student youth | К вопросу о духовной модернизации студенческой молодежи // Journal of Siberian Federal University — Humanities and Social Sciences, 2020, 13(2), pp. 258–267. — ISSN:1997-1370E-ISSN:2313-6014, CiteScore 2020 = 0.5, CiteScore 2021 = 0.7, процентиль Social Sciences Education 2020 — 39-й, 2021 — 47-й
— Promotion of trilingual education in kazakhstan schools: Online monitoring results // Journal of Siberian Federal University — Humanities and Social Sciences, 2019, 12(2), pp. 285–301. — ISSN:1997-1370E-ISSN:2313-6014, CiteScore 20219 = 0.2, CiteScore 2021 = 0.7 , процентиль Social Sciences Education 2019 — 20-й, 2021 — 47-й
— Pedagogical frameworks of education policy for sustainable development of the Eurasian space // Obrazovanie I Nauka, 2018, 20(6), pp. 9–28. — ISSN:1994-5639; E-ISSN:2310-5828, CiteScore 2018 = 0.1, CiteScore 2021 = 2.3, процентиль Social Sciences Education 2018 — 11-й, 2021 — 63-й
— Continuous and ubiquitous programming: Learning in Kazakhstani schools // Ubiquitous Learning, 2016, 9(2), pp. 13–27 – ISSN:1835-9795, CiteScore 2016 = 0.4, CiteScore 2021 = 0.6, процентиль Social Sciences Education 2016 — 20-й, 2021 — 22-й
Еңбек өтілі: 40 жыл
Электрондық пошта: zh.zhilbayev@gmail.com

 Абыкенова Дария Болатовна

Ғылыми дәрежесі: PhD докторы
Ғылыми атағы: —
Лауазымы: Қауымдастырылған профессор
Жұмыс орны: КеАҚ «Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті»
Ғылыми қызығушылықтары: Білім беру цифрландыру, қашықтықтан технологиялар, онлайн технологиялар, виртуалды білім беру орта, АҚТ-құзыреттілігі,
Негізгі жарияланымдар (6-дан көп емес):
— Abykenova D.B., Assainova A.Zh., Burdina E.I., Murphy A., Abibulayeva A.B. Forming Master’s Degree Students’ ICT Competencies as Future Researchers and Educators: a Kazakhstan Case Study//International Journal of Environmental and Science Education – IJESE/ Volume 11 Issue 18 (2016), pp. 11175-11193.
— Мухамедиева К.М., Нургазинова Г.Ш., Ельтинова Р.А., Асаинова А.Ж., Абыкенова Д.Б. Методическая система STEM обучения// Вестник Торайгыров университет, ISSN 1811-1831 Серия Педагогическая No 4. 2022, с. 65-78.
— Агавелян Р.О., Асаинова А.Ж., Абыкенова Д.Б., Аубакирова Ж.Т., Рахимбекова А.Ж. Использование безошибочного обучения в развитии вычислительного мышления детей с ментальными нарушениями// Вестник Торайгыров университет, ISSN 1811-1831 Серия Педагогическая No 1. 2023, с. 212-223.
— А.Ж. Асаинова, Д.Б. Абыкенова*, Ж.Т. Аубакирова, К.М. Мухамедиева. Систематический обзор обучения информатике людей с ментальными нарушениями// Вестник Карагандинского университета. Серия «Педагогика», ISSN 2663-516X (Online). No 2. 2023, с. 38-64.
— Assainova A. et al. Web Technologies in the Development of Computational Thinking of Students with Mental Disabilities //International Journal of Emerging Technologies in Learning. – 2023. – Т. 18. – №. 11. DOI: https://doi.org/10.3991/ijet.v18i11.38653.
— Ж.О. Жилбаев, Д. Б. Абыкенова, А. Ж. Асаинова, Ж. Н. Матенова, Г. М. Абильдинова. Комплаенс-менеджмент и управление рисками кибербезопасности в системе школьного образования: теоретический обзор// Вестник Карагандинского университета, серия «Педагогика». – 2024. №1.
Еңбек өтілі: 22 жыл
Электрондық пошта: abykenovadb2@gmail.com

Асаинова Алмагуль Жаяковна

Ғылыми дәрежесі: Педагогикалық ғылымдарының кандидаты 
Ғылыми атағы: доцент
Лауазымы: Қауымдастырылған профессор, Педагогикалық зерттеулер орталығының директоры
Жұмыс орны: КеАҚ «Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті»
Ғылыми қызығушылықтары: Білім беру цифрландыру, инклюзивті білім беру, информатика оқыту әдістемесі
Негізгі жарияланымдар (6-дан көп емес):
— Assainova, A., Abykenova, D., Aubakirova, Z., Mukhamediyeva, K., Kozhageldinova, K. Web Technologies in the Development of Computational Thinking of Students with Mental Disabilities // International Journal of Emerging Technologies in Learningthis link is disabled, 2023, 18(11), pp. 74–92. https://online-journals.org/index.php/i-jet/article/view/38653
— Kuanysheva, R.S., Asainova, A.Z., Ragulina, M.I., Lapchik, M.P. Developing ICT competences in bachelors of engineering and technology in a multilingual environment // International Journal of Education and Practicethis link is disabled, 2019, 7(3), pp. 123–135. https://eric.ed.gov/?id=EJ1218550
— Асаинова А.Ж., Абыкенова Д.Б., Макарихина И.М. Онлайн-технологии в повышении квалификации преподавателей по цифровым навыкам в период пандемии Covid- 19. Вестник Торайгыров университета. Педагогическая серия, 2021, No4. – С. С. 64-75. https://vestnik-pedagogic.tou.edu.kz/storage/journals/351.pdf
— Агавелян Р. О., Асаинова А. Ж., Абыкенова Д. Б., Аубакирова Ж. Т., Рахимбекова А. Ж. Использование безошибочного обучения в развитии вычислительного мышления детей с ментальными нарушениями // Вестник Торайгыров университета. Педагогическая серия, 2023, No1. – С. С. 212-223. https://vestnik-pedagogic.tou.edu.kz/storage/journals/357.pdf
— Асаинова А.Ж. , Абыкенова Д.Б., Аубакирова Ж.Т., Мухамедиева К.М. Систематический обзор обучения информатике людей с ментальными нарушениями // Вестник Карагандинского университет. Серия Педагогика, 2023, №2. — С.С. 58-64. https://pedagogy-vestnik.ksu.kz/2023-110-2
Еңбек өтілі: 20 жыл
Электрондық пошта:
 assainovaa@ppu.edu.kz

Кульшарипова Зару Касымовна

Ғылыми дәрежесі: Педагогика ғылымдарының кандидаты
Ғылыми атағы: Қауымдастырылған профессор
Лауазымы: Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің педагогика жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры
Жұмыс орны: «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ
Ғылыми қызығушылықтары: Конфликтология және медиация, педагогикалық менеджмент, кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері.
Негізгі жарияланымдар (6-дан көп емес):
— Syrymbetova, L.S., Muratova, L.M., Smolyaninova, O.G., Zhilbaev, Z.O., Kulsharipova, Z.K. Promotion of social values among young people as a pedagogical ideology (A case study of Russia and Kazakhstan)competences at students (on an example of the Pedagogics and psychology specialty) // Журнал Сибирского федерального университета. Гуманитарные науки. Journal of Siberian Federal University. Humanities & Social Sciences http://elib.sfu-kras.ru/handle/2311/144202
— Yerkebulan, G., Kulikova, V., Kulikov, V., Kulsharipova, Z. Devising an Entropybased Approach for Identifying Patterns in Multilingual Texts // Eastern-European Journal of Enterprise Technologies, 2021, 2, стр. 16–22 https://doi.org/10.15587/1729-4061.2021.228695
— Tleuzhanova, Gulnaz K.; Syrymbetova, Lyailya S.; Mekezhanova, Assel B.; Sarzhanova, Galiya B.; Kulsharipova, Zaru K. Subject-Based Speaking as a Method for the Development of Foreign-Language Professional Competence Among Students // Journal of Siberian Federal University. Humanities & Social Sciences 2021 14(3) 408–425 http://journal.sfu-kras.ru/en/number/139949
— Kulsharipova Z.K., Zabegalin A.O., Ayapbergenova G.S., Tapalova O.B. RELATIONSHIP OF COPING STRATEGIES AND STUDENTS RESISTANCE TO STRESS // ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Психология», №1(74), 2023 г. https://bulletin-psychology.kaznpu.kz/index.php/ped/issue/view/17
— Kulsharipova Z.K., Syrymbetova L.S, Shavaliyeva Z.Sh., Temirgalieva S.E., Baklanova K.D. Practical aspects of students – teachers’ successful career training taking into account foreign language education // Вестник Карагандинского университета, Серия «Педагогика». № 4(108)/2022 https://pedagogy-vestnik.ksu.kz/apart/srch/2022_pedagogics_4_108_2022.pdf
— L.S. Syrymbetova, Zh.O. Zhylbayev, Z.K.Kulsharipova, M.U. Mukasheva, D.B. Abykenova PARAMETERS AND CRITERIA OF THE SCHOOL EDUCATIONAL ENVIRONMENT EXPERTISE // Journal «Pedagogy and Psychology» Since september 2009 Volume 56 (2023): Issue 3 (September 2023) P. 124 -133 https://doi.org/10.51889/2960-649.2023.15.3.014
Еңбек өтілі: 40 жыл
Электрондық пошта: kulsharipovazk@mail.ru

Сырымбетова Ляйля Саркытовна

Ғылыми дәрежесі: Кандидат педагогических наук
Ғылыми атағы: Профессор
Лауазымы: Зав.кафедрой физической культуры и спортивного менеджмента
Жұмыс орны: Карагандинский университет Казпотребсоюза
Ғылыми қызығушылықтары: Педагогика, этнопедагогика, этнопсихология, науковедение, медиация в образовании, инклюзивное образование, полиязычное/языковое образование, профессиональное образование, педагогическая аксиология
Негізгі жарияланымдар (6-дан көп емес):
— A.S. Smykov, Z.K. Kulsharipova, L Sh. Syrymbetova, Z.Sh. Shavaliyeva, I.O. Saifurova, Z.Y. Burashova. Қазіргі білім беру жағдайындағы педагогикалық мәдениет мәселелері (научная статья на казахском языке) // Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан / Казахский национальный педагогический университет имени Абая. — №3 (403). — MAY-JUNE 2023. – С. 231- 246.
— Сырымбетова Л.С., Жетписбаева Б.А., Акыбаева Г.С., Избасаров А. Компетентностная модель студента/выпускника высшей школы (научная статья на русском языке) // Известия КазУМОиМЯ имени Абылай хана, серия «Педагогические науки». — Том 69 № 2 (2023). – С. 10-27. DOI: https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.69.2.001
— Tleuzhanova G.K., Mekezhanova A.B., Sarzhanova G.B., Kulsharipova Z.K. Subject-based speaking as a method for the development of foreign-language professional competence among students (научная статья на английском языке, Scopus) // Journal of Siberian Federal University. Humanities and Social Sciences. 2021. Vol. 14 (3). P. 408-425
— Syrymbetova, L.S., Muratova, L.M., Smolyaninova, O.G., Zhilbaev, Z.O., Kulsharipova, Z.K. Promotion of social values among young people as a pedagogical ideology (A case study of Russia and Kazakhstan) (научная статья на английском языке, Scopus) // Journal of Siberian Federal University — Humanities and Social Sciences, 2021, 14(9), стр. 1365–1387.
— Zhuman A.K., SmolyaninovaO.G., Zhilbaev Z.O., Syrymbetova L.S., Akbayeva G.N. The Strategies of Best Practice Applying in Education: Criteria Approach (научная статья на английском языке, Scopus) // Journal of Siberian Federal University — Humanities and Social Sciences, 2022, 15(11), стр. 1343–1367.
— Zhetpisbayeva B., Syrymbetova, L., Chizhevskaya, Y. Interlingual Interference in CLIL Learning (научная статья на английском языке, Scopus) // World Journal of English Language, 2023, 13(8), стр.100–107
Еңбек өтілі: 46 лет
Электрондық пошта: profsls@mail.ru