Жаңалықтар
2018 жылы аға оқытушы Э. Ю. Сәрсембаева 19.00.07 – Педагогикалық психология мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. «Менің инклюзивті кеңістігім» халықаралық байқауының қатысушысы-жобаның ғылыми жетекшісі» номинациясының жеңімпазы.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Дефектология» мамандығының докторанттары Жакупова Д.С., Дузелбаева А.Б. 2021 жылы Phd дәрежесін алу үшін диссертацияларын сәтті қорғады.
Білім бағдарламасының студенттері түрлі конкурстарға, конференцияларға белсенді қатысады.
Аға оқытушы Сүлейменова Б.К. 2020 жылы «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Оқытушы Оспантаева Р.Б. Орталық Қазақстан Академиясында «Психикалық дамуы тежелген балалардың қабылдау ерекшеліктерін жандандыру құралы ретінде дидактикалық ойындарды пайдалану» тақырыбы бойынша «Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи мәселелері» атты дөңгелек үстелге қатысқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды (2018, Қарағанды қ. ОҚА);
9-12 сәуір аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-да өткен республикалық магистранттар олимпиадасында жалпы командалық ІІ орын алған және белсенді қатысқаны үшін алғыс хат иегері (2018, Абай атындағы ҚазҰПУ);
Кафедраның ПОҚ зерттеулерінің нәтижелері импакт-факторы бар журналдардағы жарияланымдарда да көрініс табады.
2022 жылы PhD докторлары А. Б. Дүзелбаева мен Д.С. Хамитова «Инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін арнайы педагогтарды даярлау» тақырыбы бойынша жобаны жеңіп алды.
Д. С. Хамитова 18.10.2022 ж. «Инклюзивті білім беру жағдайында арнайы педагогтерді жұмысқа даярлаудың шетелдік және отандық тәжірибесі» ұжымдық монографиясына авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге мемлекеттік тізілімге мәліметтер енгізу туралы № 29525 куәлік алды.