Филология: қазақ филологиясы
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
Мамандық: 5В020500 – Филология: қазақ филологиясы
Академиялық дәрежесі: Филология мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар бакалавры
Білім беру траекториясы: шет тілі
Біліктілігі: филолог
Оқу мерзімі:
4 жыл – жалпы орта білім беру базасы негізінде (мектеп, лицей)
3 жыл – орта кәсіби білім беру базасы негізінде (колледж)
2 жыл – жоғары білім беру базасы негізінде (ЖОО)
Оқу түсу үшін қажет құжаттар:
жалпы орта білім беру базасы негізінде – ҰБТ/КТ сертификаты
орта кәсіби білім беру базасы негізінде (колледж) – мамандық бағытына КТ сертификаты
жоғары білім беру базасы негізінде – жоғары білім беру дипломы
Негізгі оқу пәндері: ҚҚТ фонетикасы, ҚҚТ лексикологиясы мен фразеологиясы, ҚҚТ сөзжасамы, ҚҚТ морфологиясы, ҚҚТ синтаксисі, Қазақ халық ауыз әдебиеті, Ежелгі дәуірден хандық кезеңге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, Қазіргі қазақ әдебиеті, т.б.
Практика: оқу-танысу практикасы, оқу (тілтанымдық) практикасы, оқу (фольклорлық, диалектологиялық) практикасы, педагогикалық практика (үзіліссіз), оқу-тәрбиелік практика, өндірістік (педагогикалық) практика
Қорытынды мемлекеттік аттестаттау: мамандық бойынша емтихан, диплом жұмысы
Болашақ перспективасы: Мамандықты бітірген түлектер жалпы білім беретін мектептерде, лицей, колледж, гимназияларда қазақ филологиясы бойынша маман ретінде, ғылыми-зерттеу мекемелері, газет, журналдардың редакциялары, радио мен теледидар және баспа орындарында қызмет атқара алады, сондай-ақ олар «7М01710 – қазақ тілі мен әдебиеті», «7М02310 – филология» мамандықтары бойынша магистратураға түсу мүмкіндігіне ие бола алады.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
Мамандық: 6M020500 – филология магистрі
Академиялық дәрежесі: гуманитарлық ғылымдар магистрі
Білім беру траекториясы: шет тілі
Біліктілігі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы
Оқу мерзімі:
2 жыл (ғылыми және педагогикалық магистратура) – жоғары білім беру базасы негізінде
1 жыл (бейіндік магистратура ) – жоғары білім беру базасы негізінде
Оқуға түсу үшін қажет құжаттар:
жоғары білім беру базасы негізінде – нотариалды куәландырылған жоғары білім беру дипломы
IELTS, TOEFL сертификаты немесе ағылшын тілін тапсырғандығы жөніндегі сертификат
Негізгі оқу пәндері: Тіл білімінің жаңа бағыттары, Әдебиеттанудың жаңа бағыттары, Ғылыми-зерттеу негіздері, Лингвомәдениеттану, Әдебиетті жоғары мектепте оқыту, Тілді жоғары мектепте оқыту, Мәтін синтаксисі, Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері, Қазақ фольклорының көркемдік ерекшелігі т.б.
Практика: педагогикалық практика, бейіндік практика
Қорытынды мемлекеттік аттестаттау: мамандық бойынша емтихан, магистрлік диссертация жұмысы
Болашақ перспективасы: Мамандықты бітірген түлектер жалпы білім беретін мектептерде, лицей, колледж, гимназияларда қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, газет, журналдардың редакциялары, радио мен теледидар және баспа орындарында, жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерде оқытушы, аудармашы қызметтерін атқара алады.