Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАРИХ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛЫП, ҚАТЫСУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

26.10.2026

Марғұлан университетінде Тарих апталығының салтанатты жабылу рәсімі өтіп, апта бойы ұйымдастырылған іс-шаралардың қорытындысы шығарылды. Белсенді қатысқан студенттер марапатталды.

Апта барысында студенттер «Өз ойының» тарихи зияткерлік сайысында білімдерін сынап, Қазақстан Республикасының күніне арналған дөңгелек үстелде ел тарихы мен мемлекеттіліктің қалыптасуы туралы ой бөлісті. Іс-шаралар жастардың тарихи танымын кеңейтіп, отандық тарихқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Қорытынды рәсімде апталыққа белсене қатысып, білімге құштарлығымен көзге түскен студенттерге алғыс білдірілді.

Тарих апталығы жастардың өткенді танып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне және тарихи санасын қалыптастыруына мүмкіндік берді.