Кәсіби тәжірибе
Аталған мамандықтар бойынша БББ негізінде білім алушылар білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлері;
Павлодар қаласының, Павлодар облысының барлық мектептерінде, мектеп-гимназиясында, арнайы мамандандырылған мектеп-интернаттарында, атап айтқанда БЖСМ, МБЖСМ, Спорттық клубтар, қосымша білім беру ұжымдарында, оңалту және инклюзивті орталықтарда және т.б.
Педагогикалық практиканың жалпы ұзақтығы 25 кредит (750 академиялық сағат) құрайды.
Педагогикалық практиканың әр курсында бекітілген жұмыс бағдарламаларына сәйкес өз мақсаттары мен міндеттері шешіледі. «Мұғалім мамандығына кіріспе», «Психологиялық-педагогикалық бағалау» бірінші және екінші курстарда. Үшінші курста – «Педагогикалық тәсілдер». Төртінші курста – «Білім берудегі зерттеулер мен инновациялар».
Дуалдық оқыту нысанындағы білім алушылар жұмыс орындарында жеке шарттар бойынша педагогикалық практикадан өтеді.
Магистранттар университеттің жоғары мектептері базасында педагогикалық практикадан өтеді.