Перейти к содержимому страницы.

«Дене тәрбиесі және спорт» білім беру бағдарламасы

1. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бакалавриаттық білім беру бағдарламалары:

6В01422 Дене шынықтыру және спорт

7М01411 Дене шынықтыру және спорт (ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша)

6В01411 Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру

2. Білім деңгейлері, оқу нысандары мен мерзімдері:

Бакалавриат – ЖОБ негізінде 4 жыл,

ТжКБ негізінде – 3 жыл, 2 жыл,

ЖКБ және ТжКБ негізінде дуалдық оқыту - 2 жыл.

Магистратура – 2 жыл (ЖКБ незігінде ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша)

3. Бітірушінің біліктілік сипаты, жұмыс бағыттары:

Бакалавриат – дене шынықтыру оқытушысы, таңдалған спорт түрінен жаттықтырушы, бастапқы әскери дайындық оқытушысы

Магистратура –7М01411 «Дене шынықтыру және спорт» білім бағдарламасы бойынша педагогикалық ғылымдарының магистрі

4. Ынтымақтастық, әлеуметтік әріптестік

Ынтымақтастық және әлеуметтік әріптестік қаланың және облыстың әртүрлі меншік нысанындағы білім беру мекемелерімен (мемлекеттік, жеке, қоғамдық және т.б.), балалар-жасөспірімдер және мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектептерімен, жоғары спорт шеберлігі мектебімен және басқа да дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ұйымдарымен іске асырылады

5. БББ бойынша тәжірибелік дағдыдан өту орны 

Аталған мамандықтар бойынша БББ негізінде білім алушылар білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлері;

Павлодар қаласының, Павлодар облысының барлық мектептерінде, мектеп-гимназиясында, арнайы мамандандырылған мектеп-интернаттарында, атап айтқанда БЖСМ, МБЖСМ, Спорттық клубтар, қосымша білім беру ұжымдарында, оңалту және инклюзивті орталықтарда және т.б.

Педагогикалық практиканың жалпы ұзақтығы 25 кредит (750 академиялық сағат) құрайды.

Педагогикалық практиканың әр курсында бекітілген жұмыс бағдарламаларына сәйкес өз мақсаттары мен міндеттері шешіледі. «Мұғалім мамандығына кіріспе», «Психологиялық-педагогикалық бағалау» бірінші және екінші курстарда. Үшінші курста – «Педагогикалық тәсілдер». Төртінші курста – «Білім берудегі зерттеулер мен инновациялар».

Дуалдық оқыту нысанындағы білім алушылар жұмыс орындарында жеке шарттар бойынша педагогикалық практикадан өтеді.

Магистранттар университеттің жоғары мектептері базасында педагогикалық практикадан өтеді.

6. Білім бағдарламаларының жетекшісі – Семенова  Марина Васильевна

7. ПОҚ туралы жалпы мәліметтер

Білім беру бағдарламасында кәсіби тәжірибесі бар 28 штаттық оқытушы жұмыс істейді. Сондай - ақ, білім беру процесіне жаттықтырушылық және педагогикалық тәжірибесі бар 5 сыртқы оқытушы-практиктер тартылды.

Көпжылдық тәжірибесі бар жаттықтырушы оқытушылар Кольев В.Т., Бронский Е.В., Морозов А.А. қазіргі уақытта педагогикалық және жаттықтырушылық қызметті сәтті үйлестіруде.

Оқытушылар Пантова Н.А., Рахимова М.Н. өз спорт түрлері бойынша қазіргі уақытта төрешілер болып табылады.

Жыл сайын профессорлық-оқытушылар құрамы іске асырылатын білім беру бағдарламаларында пәндік мазмұн бағыттары бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларына және тағылымдамаларға қатысады.

8. Даму перспективалары

Білім беру бағдарламасын дамыту перспективалары білім беру жүйесі үшін педагог кадрларды, таңдалған спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларды және дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы басқа да мамандарды даярлаудың жаңа және инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеумен байланысты.