Перейти к содержимому страницы.

Тарих

Кафедраның бірінші меңгерушісі 1987ж  Т.И. Денисова болды.

Мектепке дейінгі білім беру кадрларын педагогикалық даярлаудың бастауында тұрғандар қатарында: п.ғ. к., доцент Маткин В. В., ф. ғ. к., доцент Монастыренко З. А., аға оқытушылар Базарбекова Л. г., Ягодина Ж. Ш., Макаренко А. Д., Ведилина Е. А., Сечина Н. М., Сарсеке .Г., Фомина Т. Н., Жомартов А. М., Асенова Н. С., Кененбаева М. А., Нұрумов Б. А. болды.

2004 жылдың 1 сәуірінде кафедра - Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы атауын алды, 2007 жылы кафедра екіге бөлінді: Мектепке дейінгі білім беру және тәрбие кафедрасы, Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы.

Әр жылдары кафедраны п.ғ. к., доцент Коровайко И. В., п. ғ. к., доцент Осипова С. В., п. ғ. к., доцент Омарова В. К., ф. ғ. к., доцент Негметова Г. Н., п. ғ. к., доцент Асенова Н. С., п. ғ. к., доцент Кененбаева М.А., б. ғ. к., доцент Түсіпбекова Г. Т., п. ғ. к., доцент Жұмабаева З.Е. басқарды.

2009 жылы екі бөлім біріктіріліп, 2018 жылдың 1 қазанына дейін «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімі» болып жұмыс істеді.

2018 жылдың қазан айынан бастап кафедра бөлек қызмет ете бастады. Кафедраны  п.ғ. к., профессор Жұмабаева Зайда Ефимовна басқарды.

Университетті қайта құру нәтижесінде 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы» ББ педагогика жоғары мектебінің құрамына енді.

2020 ж. екі білім беру бағдарламасы қайта біріктірілді.

2021 жылдың желтоқсанында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы»  жеке білім беру бағдарламасы ретінде жұмыс атқара бастады. ББ басшысы болып оқытушы-сарапшы Абдырова Ардақ Оразгалиевна тағайындалды.