«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы» білім беру бағдарламасы
ББ жетекшісі: Бахралинова Асель Жаксылыковна
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» ББ-ның барлық қызметі жұмыс берушілердің күтілімдері мен өңір экономикасының қажеттіліктеріне бағытталған. Ол еліміздің жоғары кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жөніндегі құжаттарда көрініс тапқан педагогикалық білім беруді инновациялық дамытудың жалпы стратегиясына негізделеді.
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі білім беру траекторияларын саралаудан, ECERS, STEAM және инклюзивті стандарттардан тұрады.
Академиялық артықшылықтары: практикаға бағдарлану, ЖИ құралдары және дуальды оқыту. Екі деңгей бойынша жоғары білікті кадрларды кәсіби және ғылыми-педагогикалық даярлау жоғары деңгейде жүзеге асырылады:
- 6В01210 – «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы», бакалавриат; Білім беру траекториясы: Тәрбиеші және тәрбиеші-әдіскер (қосымша оқыту);
- 6B01211 – «Мектепке дейінгі білім беру және логопедия», бакалавриат;
- 6В01202 – «Мектепке дейінгі білім беру» IP, бакалавриат;
- 7M01211 – «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы», магистратура; Білім беру траекториясы: Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, ЖОО-да оқытушылық қызмет.
Оқу түрі:
- жалпы орта білім беру базасында күндізгі оқу нысаны (4 жыл);
- техникалық және кәсіптік білім беру базасында күндізгі оқу нысаны (2 жыл);
- техникалық және кәсіптік білім беру базасында күндізгі оқу нысаны (дуальды оқыту – 2 жыл);
- жоғары білім беру базасында күндізгі оқу нысаны (дуальды оқыту – 2 жыл);
- жоғары оқу орнынан кейінгі күндізгі білім беру (магистратура – 2 жыл).
Білім беру бағдарламасының мақсаты: білім беру еңбек нарығында сұранысқа ие, жоғары білікті, функционалдық сауатты, құзыретті, бәсекеге қабілетті мектепке дейінгі білім беру педагогтерін даярлау, сондай-ақ кіші мектепке дейінгі жастағы балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық қызметті жүзеге асыра алатын мамандарды қалыптастыру.
Қазіргі уақытта «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» ББ-да 6 штаттық ППС (1 ғылым кандидаты, 1 PhD, 4 педагогика ғылымдарының магистрі), 3 қоса атқарушы (1 профессор, 1 PhD, 1 педагогика ғылымдарының магистрі, жұмыс беруші) қызмет атқарады.
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» ББ-ны меңгеру барысында жалпы білім беру, әдістемелік цикл пәндері, жеке әдістемелік және бейіндік пәндер оқытылады. Барлық пәндер педагогика және мектепке дейінгі тәрбие әдістемесі бойынша балабақша бағдарламасының жаңартылған мазмұнына жатады және әрбір бала үшін қауіпсіз, дамытушы, инклюзивті және цифрлық орта құруға қабілетті, кәсіби құзыретті, зерттеушілік және әлеуметтік бағдарланған мектепке дейінгі білім беру педагогін даярлауға бағытталған.
ББ түлектері сондай-ақ мамандық бойынша магистратурада оқуын жалғастыра алады.
ББ оқытушылары мен студенттері халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға тұрақты түрде қатысады. Сонымен қатар, Педагогика жоғары мектебі жыл сайын ППУ базасында ғылыми конференциялар ұйымдастырады.
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» ББ бойынша оқытуды жүзеге асыратын Педагогика жоғары мектебі Павлодар қаласы мен Павлодар облысының мектепке дейінгі ұйымдарымен, сондай-ақ Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатады. Мектепке дейінгі ұйымдармен ынтымақтастық мектепке дейінгі білім беруде болып жатқан өзгерістерді бақылауға мүмкіндік береді. Факультативтік пәндер каталогын талқылауға балабақша меңгерушілері мен мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері қатысады. Бұл мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс істеу үшін қажетті пәндерді каталогтарға енгізуге мүмкіндік береді.
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» ББ Павлодар қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен тұрақты ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді және практикаға бағдарланған өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық тәжірибе алмасу мақсаттарына қызмет етеді, ББ оқытушылары мен студенттерінің ғылыми тұрғыдан дамуына мүмкіндік береді. «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» ББ-ны дамыту перспективалары Павлодар қаласы мен Павлодар облысының мектепке дейінгі ұйымдарымен байланыстарды одан әрі дамытумен; түлектерге заманауи мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге қажетті құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін жаңа пәндерді ББ-ға енгізумен байланысты.
Академиялық ұтқырлық шеңберінде студенттермен алмасу жоғары оқу орындарымен (Злин қ., Чехия; Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Низами атындағы Өзбекстан Ұлттық педагогикалық университеті) жүзеге асырылды.
Білім беру бағдарламасы бірнеше рет ББ ұлттық рейтингтерінде жоғары орындарға ие болды. «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» ББ жүлделі орындарды иеленеді. Жыл сайын 6В01210 – «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» мамандығының студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысып, халықаралық және республикалық олимпиадаларда, конкурстарда, конференцияларда жүлделі орындарға ие болады.
Жалпы алғанда, 6В01210 – «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» мамандығы студенттерінің пәндік олимпиадаларға қатысуында оң динамика байқалады. Пәндік олимпиадаларға қатысудың тиімділігін анықтау үшін жүлделі орын көрсеткішін пайызбен белгіледік: 1 орын – 100%, 2 орын – 66%, 3 орын – 33%, орын жоқ – 0%.
ББ түлектері келесі бағыттар бойынша жұмыс істей алады:
- Білім беру қызметі;
- Оқу-тәрбие қызметі;
- Әлеуметтік-педагогикалық қызмет;
- Эксперименттік-зерттеу қызметі.
Практика базалары: №12, №122, №96, №38, №45, №120, №9, №34, №8, №11, №93, №44, №14 мектепке дейінгі ұйымдары, «Солнышко» жекеменшік бөбекжай-бақшасы.