Перейти к содержимому страницы.

Дуальды оқыту

Дуальды оқыту нысаны білім беру ұйымындағы оқуды өндірістік қызмет кезеңдерімен ұштастыруды көздейді.

6В01900 «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша 2022 жылдан бастап дуальды оқыту нысаны арқылы кадрлар даярлау жүзеге асырылуда. Кадрларды даярлауға Қазақстанның барлық өңірлеріндегі білім беру ұйымдары, сондай-ақ Павлодар облысының жеке орталықтары: №1 арнайы балабақша-мектеп кешені, №7 арнайы мектеп-интернаты, «Brain Park» инновациялық-инклюзивті білім беру орталығы, «Kutubusitta» ЖШС және «Аружан и БК» жеке логопедиялық орталығы бірлесіп қатысады.