Перейти к содержимому страницы.

Байқау ең үздік көгалдандырылған кабинет

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер және студенттер! Университетте «Көгалдандыру бойынша ең үздік кабинет» байқауы жарияланады

Байқаудың мақсаты - эстетикалық тұрғыдан тартымды, экологиялық таза және қолайлы оқу мен жұмыс ортасын қалыптастыру, сондай-ақ ұжымда экологиялық мәдениетті және шығармашылық бастаманы дамыту.

Байқау шарттары:

1. Байқауға университеттің барлық жоғары мектеп, білім беру бағдарламалары, бөлімдері мен құрылымдық бөлімшелері қатыса алады.

2. Бағалау келесі критерийлер бойынша жүргізіледі:

- өсімдіктер түрлерінің түпнұсқалығы;

- жасыл өсімдіктердің (бөлме өсімдіктерінің) саны мен жағдайы;

- өсімдіктердің интерьермен үйлесімділігі;

- өсімдіктерге күтім жасауға ұжымның қатысуы.

Байқау 2025 жылдың 10 қарашасынан бастап 14 қарашасына дейін өткізіледі.

Байқауға қатысуға өтінімдер 2025 жылдың 7 қарашасына дейін қабылданады (1-қосымша).

Байқау қорытындылары 2025 жылдың 17 қарашасында шығарылады.

Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Барлықтарыңызды жұмыс және оқу кабинеттерін көгалдандыруға белсенді қатысуға шақырамыз!

Байқауды ұйымдастыру комитеті

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Кәсіподақ комитеті.