Асхананы жалға беру бойынша конкурс өткізу туралы
Хабарландыру
"Асхананы жалға беру" конкурсын өткізу бойынша
"Асхананы жалға беру" конкурсын өткізу жөніндегі хабарландыру (бұдан әрі-Хабарландыру) "Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ Басқармасы 28.12.2020 жылы бекіткен "Павлодар педагогикалық университеті" Коммерциялық емес акционерлік қоғамының тұрғын емес үй-жайларын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына (бұдан әрі-Қағидалар) сәйкес әзірленді. Қажеттілігіне байланысты "Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ қызметкерлері мен студенттерін тамақтандыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету (тамақтану нүктесінің болу қажеттілігі), сондай-ақ тұрғын емес үй-жайларды жалға беруден кіріс алу мақсатында жүргізіледі.
Конкурстың атауы: "Асхананы жалға беру"
Конкурсты ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері: "Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ, Павлодар қ., Мир к-сі, 60 (бұдан әрі - Конкурсты ұйымдастырушы).
1.Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны
Әлеуетті жалдаушылардың конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы Павлодар қаласы, Мир көшесі, 60, 110-кабинет мекенжайы бойынша 2021 жылғы "25" қаңтар, жергілікті уақыт бойынша "15" сағат "00" минутта өткізіледі.
2. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау орны мен мерзімі,
жобалардың презентациялары
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті жалдаушылар (жалға алушылар) немесе конкурсқа қатысуға өтінім беру жөніндегі мүдделерді білдіретін олардың уәкілетті тұлғалары сенімхат негізінде, желімделген конвертте 2021 жылғы "25" қаңтарда, жергілікті уақытпен «12» сағат "00" мин. дейін мына мекен-жай бойынша ұсынады: Павлодар қаласы, Мир көшесі, 60, 115-кабинет.
3. Жалдау объектісі туралы қысқаша сипаттама және ақпарат, оның ішінде
орналасқан жері және ауданы
Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 58 мекенжайы бойынша орналасқан ауданы 47,4 ш.м. асханаға арналған тұрғын емес үй-жай.
4. Мүліктік жалдауға берілетін обьектіге конкурс өткізу шарттары және таңдау критерийлері
4.1. Комиссия әлеуетті жалдаушылардың өтінімдері бар конверттерді ашады және өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталған күні белгіленген мерзімде ұсынылған және тиісті журналда тіркелген әлеуетті жалдаушылардың өтінімдерін салыстырады.
4.2. Хабарландыруда белгіленген мерзімде объектінің әлеуетті жалдаушылары объектінің техникалық сипаттамасына, ерекшелігіне сәйкес өз бизнес-жобасын ұсынады. Бұдан кейін комиссия жеңімпазды не үздік жобасы бар бірнеше үміткерді мынадай өлшемшарттар бойынша айқындайды:
1) қызмет бағасы;
2) жұмыс тәжірибесі
3) жалға алудың ұсынылатын құны;
4) қала бойынша желінің болуы;
5) студенттерді жұмысқа орналастыру;
6) қосымша қызметтер.
4.3. Конкурс жеңімпазы тікелей дауыс беру арқылы анықталады. Ең көп дауыс жинаған әлеуетті Жалдаушы (Жалға алушы) жеңімпаз болып есептеледі. Конкурс өткізу туралы хабарландырудың техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес келетін немесе одан асатын "Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ үшін жалға алудың неғұрлым тиімді шарттары бар әлеуетті жалдаушының (жалға алушының) өтінімі комиссия шешімін қабылдау үшін негіз болып табылады.
4.4. Егер комиссия әлеуетті жалдаушылар (жалға алушылар) арасында дауыстар саны тең бірнеше жеңімпазды анықтаған жағдайда, конкурс жеңімпазын комиссия төрағасы немесе оның орнындағы адам айқындайды.
5. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсты ұйымдастырушы 2021 жылғы "25" қаңтар, жергілікті уақыт «15» сағат "00" мин. дейін мына мекен-жай бойынша қабылдайды: Павлодар қаласы, Мир көшесі, 60, 115 кабинет.
6. "ППУ" КЕАҚ бекіткен мүліктік жалдау (жалға алу) мерзімі және жалдау ақысының мөлшері
6.1. Мүліктік жалдау (жалға алу) мерзімі: 1 (бір) күнтізбелік жыл.
6.2. Бір айға жалдау ақысы есептеуіштердің көрсеткіштері бойынша ҚҚС-ты ескере отырып, кемінде 90324 (тоқсан мың үш жүз жиырма төрт) теңгені және қосымша коммуналдық қызметтерді (электр энергиясы, ыстық/суық су шығысы) құрайды.
7. Үлгі шарт
Үлгі шарттың жобасы (хабарландыруға 2-қосымша).
8. Жалдаудың техникалық ерекшелігі және өзге де шарттары, объектінің мақсатына байланысты болжанатын инвестицияларды, объектінің бөлінетін және бөлінбейтін жақсартуларын жүргізу бойынша жұмыстарды және т. б. қамтитын бизнес жоба (қажет болған жағдайда) (мысалы: жұмыс кестесі, өнімнің ең аз ассортименті және т. б.)
Техникалық ерекшелікте көрсетілген (хабарландыруға 1-қосымша).
9. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі
9.1. Конкурсқа қатысуға өтінімі бар мөрленген конверттің беткі жағында әлеуетті Жалдаушы (Жалға алушы) көрсетуі тиіс:
1) әлеуетті жалдаушының (жалға алушының) толық атауы және пошталық мекенжайы);
2) осы хабарландыруда көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келуі тиіс конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
3) қатысу үшін әлеуетті жалдаушының (жалға алушының) өтінімі ұсынылатын конкурстың толық атауы.
9.2. Конкурсқа қатысуға өтінім хабарландыруда белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкес әлеуетті жалдаушының (жалға алушының) Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 58 мекенжайы бойынша асхананы жалға беруге арналған конкурсқа қатысуына келісім білдіру нысаны болып табылады.
9.3. Конкурсқа қатысуға өтінімде мыналар болуы тиіс:
1) мыналарды қамтитын байланыс деректері: атауы, заңды мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), жеке куәлігінің (паспортының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері (жеке тұлғалар үшін), әлеуетті жалдаушының (жалға алушының) банктік деректемелері);
2) жалға алу үшін болжанатын объектінің атауы, орналасқан жері, алаңы;
3) жалдау мақсаты;
4) жалға алудың жоспарланған мерзімдері;
5) әлеуетті жалдаушының (жалға алушының) мүліктік жалдаудың (жалға алудың) үлгілік шартының талаптарымен және қағидалармен фирмалық бланкіде хаттың түпнұсқасын ұсыну арқылы танысқанын және келісетінін растау;
6) тұрғын емес үй-жайды жалға берудегі тапсырудың және обьектіні пайдаланғаны үшін төлемнің бекітілген құнынан төмен болуы мүмкін болмайтын ұсынылатын жалдау ақысы;
7) әлеуетті Жалдаушы (Жалға алушы) объект шеңберінде көрсететін ілеспе қызметтердің түрлері;
8) техникалық ерекшелікті және болжанатын инвестицияларды, бизнес-жобаны, объектінің және заттың бөлінетін және бөлінбейтін жақсартуларын жүргізу жөніндегі жұмыстарды қамтитын басқа да ұсыныстарды қамтиды.;
9) өтінімге келесі құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері немесе электрондық құжаттың қағаздағы көшірмелері (конкурс жарияланғанға дейін 10 күннен ерте емес берілген) қоса беріледі:
заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, заңды тұлғаның барлық тіркеу әрекеттері туралы анықтама, Жарғы, лицензия/рұқсат және/немесе техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандай да бір қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын басқа құжат;
жеке тұлғалар үшін - жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (ол болған кезде), жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, мекенжай анықтамасы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың тізілімі жүргізілген жағдайда серіктестікке қатысушылар тізілімінен үзінді көшірменің нотариат куәландырған көшірмесі беріледі.
9.4. Әлеуетті Жалдаушы (Жалға алушы) конкурсқа қатысуға өтінімді жазбаша түрде, бірінші басшы не уәкілетті адам қол қойған және мөрмен (ол болған кезде) бекемделген конвертте хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін ұсынады.
10. Жалға берушінің (жалға алушының) жауапты адамының байланыс деректері)
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына мекенжай бойынша алуға болады: Павлодар қаласы, Мир көшесі, 60, 115-кабинет, байланыс телефоны: 8 (7182) 552783, 87053858585.
11. Басқа ақпарат
Комиссия конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс өткізу қорытындылары туралы ақпаратты "Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ интернет-ресурсында орналастырады. www.ppu.edu.kz.
12. Конкурстық құжаттамаға қосымшалар:
- Техникалық ерекшелігі;
- Асхананы жалға беру шартының жобасы.
Конкурстық құжаттамаға қосымшалар: