Перейти к содержимому страницы.

Жоғары білім беру қызметкерлерінің күніне арналған ерекше сәт!

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде кеңейтілген ғылыми кеңес отырысы өтті. Бұл -тек ғылыми мәселелер талқыланған ғана емес, ұстаздар еңбегіне құрмет көрсетілген ерекше жиын болды.

Отырыста университет ректоры ұжым мүшелерін Жоғары білім беру қызметкерлері күнімен құттықтап, олардың кәсіби еңбегін ерекше атап өтті. Марапаттау рәсімінде бірқатар қызметкерлерге Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды

Сондай-ақ, университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымы тарапынан да университет және М. Қанапьянов атындағы Жоғары колледж  қызметкерлері марапаттармен және ақшалай сыйлықтармен қуантылды.

Бұл - еңбектің еленген, ұстаз мәртебесінің көтерілген күні болды!