Жоғары мектептің қауымдастырылған профессоры
«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ профессор-оқытушы құрамының бос лауазымына орналасуға арналған конкурс жариялайды:
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
Білім беру бағдарламасы:
Информатика
- ·Жоғары мектептің қауымдастырылған профессоры
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- жоғары (бакалавриат) және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі (ғылыми-педагогикалық бағыт) немесе жоғары (специалитет) білім;
- ғылыми дәрежесі, дәреже: ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор;
- кемінде 5 жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі;
- соңғы 5 жылда ҚР ҒЖБМ ҒЖББСБК-мен ұсынылатын журналдарда (және ҚР ҒЖБМ ҒЖББСБК-ның тізімі бойынша оларға теңестірілген) кемінде 5 жарияланым; соңғы 10 жылда SCOPUS немесе Web of Science базасына кіретін журналдарда кемінде 1 жарияланымның болуы (25 процентиль); соңғы 5 жыл ішінде журналдарда кемінде 5 мақаланың болуы (конференцияларға қатысу). Соңғы 7 жыл ішінде 1 оқу құралын (оқу-әдістемелік құралдан басқа, оқулық, монография) басып шығару (01.09.2026 ж. бастап соңғы 5 жыл ішінде 1 оқу құралын (оқу-әдістемелік құралдан басқа, оқулық, монография) басып шығару).
Соңғы 3 жылда оқытатын пәннің бейінінен, жасанды интеллект, инклюзивті білім беру әдістемесінен оқыту курсы үшін кемінде 72 сағат (курс, тағылымдама) біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы.
Қажетті құжаттар тізімі:
- өтініш;
- кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;
- өмірбаян;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;
- жұмыс орны (қолданыстағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған, еңбек қызметін растайтын, құжаттың көшірмесі;
- ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі;
- соңғы жұмыс орнынан мінездеме (болған жағдайда);
- құжаттарды ұсыну күніне дейінгі алты айдан асырмай берілген, № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін басқарма төрағасы – ректордың атына өтініш береді, ғылыми жұмыстары және өнертабыстарының тізімін, мінездеме ұсынады. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
- мінездеме;
- ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін, деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама.
Басқа қалалардан келген үміткерлер құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде kense@ppu.edu.kz электронды мекенжайына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды жібере алады. Бұл жағдайда, әңгімелесуді өткізуге дейін екі сағаттан кешіктірмей комиссия хатшысына түпнұсқа түрінде құжаттардың толық тізімін ұсынады. Құжаттардың толық емес тізімін ұсыну әңгімелесуден өтуге бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
2025 ж. 26 ақпаннан бастап 2025 жылғы 11 наурызға дейін құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140000, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, персоналды басқару бөлімі, 125-кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33, kense@ppu.edu.kz («Конкурсқа» деген белгімен)