Жоғары (педагогикалық емес) кәсіптік білімі бар адамдар үшін педагогикалық қайта даярлау курстарына құжаттар қабылдау
Курстың басталуы-2021 жылдың 1 қарашасынан бастап, оқу мерзімі 6-7 айды құрайды, 40 кредитті игеру (1200 сағат). Бұл бағдарлама үміткерлерге қысқа мерзімде қосымша мамандық алуға мүмкіндік береді.
Құжаттар тізімі:
- ЖОО басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін);
- білімі туралы құжаттың көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін);
- 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
- 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
- білімі туралы құжаттардың бірі: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы, жоғары білім туралы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы (тұпнұсқа салыстыру үшін).
Қосымша ақпарат алу үшін 65-16-55, 65-16-13, 55-27-98 (ішкі.2-57, 2-08). ППУ қосымша білім беру институты.