ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ӨҢІРЛІК СҰХБАТ АЛАҢЫНА ЖИНАЛДЫ
15.10.2019
2019 жылы 11 қазанда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-інде зиялы қауым өкілдері "Қазақстан этностары: халықтың тарихи-мәдени мұрасына қосқан үлестері" тақырыбында өңірлік сұхбат алаңында жиналды. Шараны ұйымдастырушылар - ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Қазақстандық "Рухани жаңғыру" қоғамдық даму институты, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ.
ПМПУ "Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасының доценттері, т.ғ.к. Б.Н. Абдрахманов, А.С. Молдакимова және PhD докторы А.М. Садыкова еліміздің дамуына этностардың қосқан үлестерін қамтитын жалпықазақстандық электронды базаны жасақтау жобасы бойынша ұсыныстарды жасауға қатысты. Б.Н. Абдрахманов "Ертіс Павлодар өңірі этностарының көрнекті өкілдері" тақырыбына баяндама жасады.
Аталған шара басқа өңірлерде жалғасын табады. Шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылды.