Жастар саясаты департаменті әлеуметтік мәселелер бөлімінің бастығы- 1 бірлік
Біліктілік талаптары:
жоғары педагогикалық, техникалық немесе экономикалық білім;
мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Сіз: университеттің сапа менеджменті жүйесін әзірлейсіз және енгізесіз;
бөлімнің бір жылға арналған жоспарын құрасыз;
әлеуметтік өмірді жақсарту үшін білім алушылар арасында әлеуметтік зерттеулер жүргізесіз;
салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шараларды дайындауды және өткізуді жүзеге асырасыз.
Қосымша ақпарат
Кәсіби құзіреттіліктер:
стратегиялық ойлау;
аналитикалық дағдылар;
тиімді жоспарлау және басқару;
жеделдік;
өзін-өзі дамыту;
тәртіптілік;
жауапкершілік;
командада жұмыс жасай білу.
Жеке құзіреттіліктері және қасиеттері:
Ынтымақтастық және әрекеттестік;
парасаттылық;
көшбасшылық;
бастамашылдық;
күйзеліс тұрақтылығы.
Қазақ және орыс тілдерінің жазбаша және ауызша дағдыларын меңгеруі, ағылшын тілі болғаны дұрыс.
Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажет, ұйымдастыру техникасы және с.с., ДК (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және басқа) меңгерудің жоғары деңгейлі дағдылары.
Қажетті құжаттар тізімі:
- өтініш;
- кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;
- өмірбаян;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;
- медициналық кітапша (флюорография, терапевт, жұмысқа жіберу);
- наркологиялық ұйымның конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы анықтамасы;
- психоневрологиялық ұйымнан конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы анықтама;
- туберкулезге қарсы ұйымнан конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы анықтама;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама.
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- ППУ-да жұмыс істемейтін тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
ППУ жұмыс істейтін тұлғалар, конкурсқа қатысу үшін Басқарма төрағасы – ректорының атына өтініш береді. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
- наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама.
2022 ж. 27 маусымнан бастап 2022 жылғы 11 шілдеге дейін сағат 9.00-ден 18:00ге дейін құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140002, Павлодар қ., Мир көшесі, 60, персоналды басқару бөлімі, 125 кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. 8 (7182) 65-16-33, pspu2017@gmail.com («Конкурсқа» деген белгімен)