Жастар саясаты департаменті
Жастар саясаты департаментінің директоры
Құсманова Мадина Шалқарқызы
Байланыс деректері
-
- 8 (7182) 65-16-18 (ішкі. 267)
- Телефон
-
- Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс
- Мекенжай
-
- Кабинет
Толығырақ
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің жастар саясаты департаменті
Тел: 8 7182 65-16-18 (ішкі:: 2-67)
Мекен-жайы: Мира көшесі 60, Бас ғимарат, Жастар орталығы
e-mail: dmp_pspi@mail.ru
Жастар саясаты департаментінің директоры: Құсманова Мадина Шалқарқызы
Жастар саясаты департаменті (әріқарай ЖСД) тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың (әріқарай ТЖжӘМ жөніндегі проректор) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және ТЖжӘМ жөніндегі проректорға тікелей бағынады.
Жастар саясаты департаментінің құрамына екі бөлім енеді:
Тәрбие жұмысы бөлімі;
Әлеуметтік мәселелер бөлімі.
Жастар саясаты департаменті өз қызметін университет ректорының бұйрығымен тағайындалған және босатылатын департамент директоры басқарады.
Жастар саясаты департаментінің директоры өз қызметінде Қазақстан Республикасы “Білім туралы”, «жастар саясаты туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын, ҚР БжҒМ ұйымдастырушылық басқарушылық, мемлекеттік стандарттау жүйесі нормативтік құжаттарын; Қазақстан Республикасының біліктілікті көтеру және кадрларды қайта дайындау туралы ережесін, ПМПУ-дің сапа саласындағы саясат пен мақсаттарын, ПМПУ-дың Жарғысын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, ұжымдық шартты, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы нұсқаулықты, ЖСД ережесін және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
Жыл сайын ПМПУ ректорымен бекітіліп отыратын ЖСД жұмыстары туралы жазбаша есеп тапсырылып отырады.
«Жастар саясаты» департаментінің директоры өз қызметінде Қазақстан Республикасы “Білім туралы”, «жастар саясаты туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын, ҚР БжҒМ ұйымдастырушылық басқарушылық, мемлекеттік стандарттау жүйесі нормативтік құжаттарын; Қазақстан Республикасының біліктілікті көтеру және кадрларды қайта дайындау туралы ережесін, ПМПУ-дің сапа саласындағы саясат пен мақсаттарын, ПМПУ-дың Жарғысын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, ұжымдық шартты, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы нұсқаулықты, ЖСД ережесін және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
Жастар саясаты департаменті келесі негізгі міндеттерді орындайды:Жастар саясатын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты» заңдылықтары, «Жастар саясатын 2020 жылға дейін жүзеге асыру тұжырымдамасы» негізінде іске асыру;
- - Толыққанды тұлғаның еркін және үйлесімді дамуына бағытталған тәрбие жұмысын жүзеге асыру, жастардың шығармашыл әлеуетін ашу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, студенттерді өзін-өзі қамтамасыз етуге және жуапкершіл болуға үйрету, жастардың азамат боп қалыптасуына, өсуіне мүмкіндік жасау және рухани-танымдық, патриоттық тәрбиесін дамыту;
- - Студенттердің бос уақытын тиімді өткізуге қажетті жағдайларды жасау және адамның интеллектуалды, мәдени, танымдық, эстетикалық, физикалық даму талаптарын қанағаттандыру;
- - Студенттердің білім алу жағдайларына сәтті бейімдеу, болашақ кәсіби қызметкерлерді психологиялық және заңнамалық дайындықпен қамтамасыз ету;
- - Тұлғаның мәдениетті, рухани бай, физикалық жағынан дамуына әсер ететін түрлі мәдени-көпшілік, ойын-сауықтық, спорттық, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу;
- - Студенттердің өзін-өзі басқаруын дамытуға ықпал ету, студенттік қоғам қауымдастығының жұмысына ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету;
- - Білім беру үрдісінің негізгі бөліктерін ұйымдастыру және үйлестіру: тәрбие жұмысы жөнінде кеңестер, студенттік ұйымдар (Жастар ісі жөніндегі комитет, PSPI студенттік алянсі, пікірталас клубы, КТБ), кураторлар, студенттік топтар (курстар);
- - Сабақ және сабақтан тыс уақыттарда студенттермен әлеуметтік жұмыстар ұйымдастыру;
- - Студент жастарға ақпараттық және әдістемелік көмек көрсету;
- - Жастар ұйымына әлеуметтік-маңызды және көпшілік іс-шараларды өткізуде қолдау таныту, денсаулық сақтау ұйымдарымен қарым-қатнас жасау;
- - Студенттердің әлеуметтік қорғанысын күшейту, жетім балалар, ата-анасының қорғауынсыз қалған, мүгедек, аз қамтылған және көп балалы отбасылы студенттермен жұмыс жүргізу;
- - Студенттердің қызығушылығын және құқғын қорғау мәселелерін шешетін мемлекеттік әлеуметтік, медициналық, психологиялық-кеңестік, тағы да басқа арнайы әлеуметтік, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа түрлі мүмкіндік жағдайларды алуға ықпал жасау, көмектесу;
- - Студенттер үйінде тұратын студенттермен тұрғын үй-тұрмыстық, санитарлық тазалық жағдайын жақсарту жөнінен жұмыс жүргізу; - Университеттың дәстүрін сақтау және алға жүргізу, оның тарихын, имиджін, Павлодар мемлкеттік педагогикалық университетында білімдерін тарату.
Жастар саясаты департаменті мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келесі мндеттерді орындайды:
- - Университеттың жұмыс жоспарын және даму тұжырымдамасын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
- - Перспективті жоспарды жүзеге асыруды ұйымдастырады, университеттың іс-шаралар жоспарын, ПМПУ сапа саласындағы саясат пен мақсатты, университеттың ғылыми кеңесі және ректорат шешімдерін, ректордың және тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың, есеп беру құжаттарын дайындау және ағымдағы жедел ақпаратты ұйымдастыру;
- - Университеттың тәрбие әрекетінің, ПМПУ сапа менеджменті жүйесі талаптарының орындалуын бақылайды;
- - Кураторлар, академиялық топ старосталары, жұмысты жақсарту және дамыту бойынша студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы және тәрбие үрдісі жұмсын жақсарту, «Студенттер үйінде» тұратын студенттердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту, жастар саясатын жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру;
- - Сыртқы серіктестермен біріге өткізетін шараларды ұйымдастыру, (білім беру орындарымен, жастар инициативасын дамыту мекемелерімен, құқық қорғау, қоғамдық ұйымдармен);
- - Тәрбие үрдісінің перспективті және ағымдағы жоспарын жоспарлауды ұйымдастырады;
- - Тәрбие жұмысын келесі бағыттар бойынша ұйымдастырады: патриотттық, интернационалистік, құқықтық, эстетикалық, экологиялық, танымдық, сауықтыру;
- - Жалпы университеттық іс-шаралар әзірлейді;
- - Студенттік өзін-өзі басқаруды енгізуді ұйымдастырады;
- - Атаулы күндер мен мерекелерге арналған салтанатты шаралар ұйымдастырады;
- - Университет студенттерінің әлеуметтік-психологиялық паспортын құрастырады;
- - Әлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз етуге қатысады;
- - Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастырады: би кешін өткізу, түрлі кештер, көркемдік жұмыстар бойынша үйірмелер ұйымдастыру, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық фестивальдар мен конкурстарға қатысу;
- - Студенттердің заңды, құқықтық тәртіпті сақтауын жүйелі бақылауды ұйымдастыру;
- - Тәрбие үрдісі бойынша факультеттер мен кафедралар жұмыстарын ұйымдастырады;
- - Факультет бойынша тәрбие жұмысының қорытындысын жасайды;
- - Мониторинг жасайды, қорытындылайды және жоо бойынша тәрбие жұмысының нәтижесін шығарады;
- - Университетта жастар саясаты бағытында жүргізілген жұмыстар бойынша жылдық есеп жасалып, іске асырылу деңгейі анықталады.