Перейти к содержимому страницы.

ЗАМАНАНЫҢ ҰСТАЗЫ – ЗАМАНҒА САЙ КӨШБАСШЫ

07.10.2026

Педагогтердің кәсіби дамуы мен көшбасшылық қасиеттерін арттыруға бағытталған «Замананың ұстазы – заманға сай көшбасшы» атты тағылымды кездесу өтті.

Іс-шараны Марғұлан университетінің «Shamshyraq» көшбасшылар академиясы ұйымдастырды. Іс-шараның арнайы қонағы – Қасен Үмітжан Нұртайқызы, Павлодар облысының «Жас ұстаздар кеңесінің» төрағасы, Bilimclass.kz электрондық журналы мен «Күнделік» жүйесінің амбассадоры. Өз саласында белсенді қызмет атқарып жүрген спикер жас педагогтермен тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби тұрғыдан дамуға бағытталған құнды кеңестерін ұсынды.

«Тәжірибе. Білім. Шабыт. Мүмкіндік.» қағидаларын негізге алған кездесу қатысушылар үшін жаңа ой қалыптастырып, өз кәсібіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Педагог үшін тек білім беру жеткіліксіз. Қазіргі заман ұстазы – өзгеріске бейім, жаңашылдықты қабылдайтын, айналасына ықпал ете алатын және үнемі ізденісте жүретін тұлға.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, алған әсерлерімен бөлісті. Кездесу болашақ педагогтерге жаңа серпін беріп, кәсіби дамуға деген ынтасын арттырған маңызды алаңға айналды.