Перейти к содержимому страницы.

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ШЕҢБЕРІНДЕ САБАҚТЫ ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ

16 қараша күні Қазақстан Республикасының мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасы шеңберінде педагог мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті және педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастырылуымен «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында сабақты тиімді жоспарлау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Гуманитарлық факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Модераторлар А. Ибраева мен И. Айдарханова қатысушылардың назарын білім саласындағы өзгерістерге аударып, сабақты тиімді жоспарлау әдістеріне, оқу бағдарламасының құрылымына тоқталып өтті. Сонымен қатар модераторлар білім беру жүйесіндегі өзгерістерді баяндап, бағалау өлшемдеріне қатысты бірқатар сауалдарға түсініктеме берді. Іс-шараға қатысушылар мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасы шеңберінде озық тәжірибелерді тарату мақсатында ашық сабақ, семинар, дөңгелек үстел жиі ұйымдастырылса деген тілектерін білдірді.