Ғылыми қызмет
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті мен Дорджи Банзаров атындағы Бурят мемлекеттік университетінің ынтымақтастық туралы келісімі аясында «Сәндік-қолданбалы және техникалық шығармашылық: дәстүрлер мен заманауилық» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Іс-шараға РФ Бурят мемлекеттік университетінің технологиялық білім беру кафедрасының және Қазақстан Республикасы Павлодар педагогикалық университетінің «Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасының оқытушылары, РФ технология мұғалімдері мен ҚР көркем еңбек мұғалімдері, Павлодар қаласының балалар техникалық мектебінің педагогтары, студенттер, магистранттар қатысты.
Семинар барысында пікір алмасылды. Тараптар осындай кездесулер мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, серіктестік алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.
2022 жылдан бастап «Көркем еңбек бойынша технологиялық қызмет өнімдерін коммерцияландыру" ЖОО ішілік бизнес-жобасы іске асырылуда. Жұмыс тобының құрамында - п. ғ. д., профессор Алинова М.Ш., оқытушы-сарапшы Алинова Г.С., 3 курс студенті Гора Л.В.