Перейти к содержимому страницы.

Ғылыми қызмет

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының ғылыми қызметі

Профессор-оқытушылар құрамының кәсіби өсуі ғылыми-зерттеу, педагогикалық және практикалық қызметтен көрініс табады. Білім беру бағдарламасы аясында бейінді бағыттар бойынша ғылыми дәрежелері бар және докторантурада білімін жалғастырып жатқан оқытушылар қызмет атқарады. Атап айтқанда, PhD докторы Алибаева Ж.Е. ППУ-дың мақсатты тапсырысы бойынша «6D012300 – Әлеуметтік педагогика» мамандығында білім алған; оқытушы-сарапшы Таженова Г.Б. аталған мамандықтың түлегі болып табылады. Жумажанова Г.И. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторантурасында білімін жалғастыруда, ал Каримжанова А.Е., Темиргалиева М.С. осы бағыт бойынша кәсіби жолдарын бастады.

Білім бағдарламасының кадрлық әлеуеті ғылыми-педагогикалық және практикалық қызметте мол тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылардан қалыптасқан. Профессор-оқытушылар құрамының Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында және шетелдік университеттерде біліктілікті арттыру курстарына, семинарларға, тренингтерге және тағылымдамаларға тұрақты түрде қатысады.

Білім бағдарламасының оқытушылары Стамбул университетінде (Түркия), Curtin University Malaysia университетінде және Финляндияда халықаралық тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру бағдарламаларынан өтті.

2023–2024 жылдары оқытушылар «Фин білім беру бағдарламаларын масштабтау» курсына қатысты.

2025 жылы Шавалиева З.Ш., Алибаева Ж.Е., Жанатова Г.А. және Утилова А.М. Curtin University Malaysia университетінде «Bibliometric Analysis using VOSviewer and Scientific Databases» ғылыми тағылымдамасынан өтті.

Жанатова Г.А. Финляндияда «Фин педагогикасы» білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық тағылымдамадан өтті.

Профессор-оқытушылар құрамының инклюзивті білім беру және педагогикалық білім беру мәселелеріне арналған халықаралық және ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстың нәтижелерін білім беру процесіне енгізеді.

Білім бағдарламасының оқытушылары оқу процесінде қолданылатын оқу-әдістемелік құралдарды әзірледі. Олардың қатарында «Мектептегі ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру негіздері», «Білім берудегі менеджмент», «Білім берудегі көшбасшылық», «Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиялары» және «Әлеуметтік педагогика бойынша тест тапсырмалары» оқу-әдістемелік құралдары бар.

 Білім бағдарламасының кадрлық әлеуеті оқытушылардың ғылыми қызметін, практикалық тәжірибесін, халықаралық ынтымақтастығын және үздіксіз кәсіби дамуын ұштастыра отырып, білім беру процесінің сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.