Ғылыми қызмет
БББ-ныжүзеге асырушы ПОҚ-тың ғылыми-зерттеу жұмысы ППУ-дың стратегиясы, миссиясы мен мақсатының ажырамас бөлігі болып табылады.
Қазақ тілі мен әдебиеті БББ-ның ҒЗЖ «Қазақ филологиясының өзекті мәселелері» атты ортақ ғылыми тақырып бойынша көрініс тапқан, аталмыш тақырып ҒЗЖ-ның тақырыптық жоспарында ашылып, кафедра оқытушыларының жеке ғылыми тақырыптары арқылы жүзеге асырылады: «Қазақ-түркі әдеби-мәдени қарым-қатынастарының өркениет өрісіндегі рөлі» (проф. Сүтжанов Б.С.), «Синтаксистегі күрделілік» (проф. Сағындықұлы Б.), «Қазіргі қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы» (доц. Ерғалиев Қ.С.), «Тіл білімінің өзекті мәселелері» (доц. Шақаман Ы.Б.), «Түркі жазуы: генезисі, даму тарихы» (доц. Әміренов Ә.Д.), «Өлеңді әдеби талдау мәселелері» (доц. Оразханова М.И.), «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі жанрлық-көркемдік ерекшеліктер» (доц. Ағалиева Н.Б.), «Қазіргі қазақ прозасындағы көркемдік ізденістер: жанр, сюжет, хронотоп» (доц. Құралқанова Б.Ш.), «Көркем мәтіндегі парентезаның стильдік ерекшеліктері» (аға оқытушы Жұбантаева Ж.Қ.), «Қазіргі қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық және оны жоғарғы мектепте оқыту мәселесі» (аға оқытушы Сағынаева Г.Ә.), «Кәсіби қазақ тілін оқыту мәселелері» (доцент Ахтаева Н.Қ.).
ПОҚ-тың ғылыми-зерттеу жұмысының сапасы мен тиімділігінің жағымды динамикасы олардың әртүрлі деңгейдегі конкурстарға қатысуынан көрінеді. 2014 жылы Ж.Қ.Жұбантаева конкурсқа қатысты («Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік ЖОО-да стажировкадан өтуге арналған конкурс), Б. Сағындықұлы («ЖОО үздік оқытушысы - 2005» конкурсы), Қ.С.Ерғалиев («ЖОО үздік оқытушысы - 2014» конкурсы), Ә.Д.Әміренов («ЖОО үздік оқытушысы - 2015» конкурсы), М.И.Оразханова («ЖОО үздік оқытушысы - 2017» конкурсы), Е.Б.Асанбаева (35 жасқа дейінгі талантты жас ғалымдарға арналған ғылыми стипендия, 2017), Н.Қ.Ахтаева (UStudy онлайн тестілеу орталығы және қазақ тілін креативті оқыту орталығы «ҚАЗГЮУ Университеті» АҚ өткізген републикалық жоолар мен білім беру мекемелері қызметкерлерінің арасында өткен «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері» атты республикалық байқаудың І орын иегері, Астана-2017; «Педагогикалық инновациялар» атты Халықаралық байқауда І дәрежелі диплом (2018 ж.); «Педагогикалық идеялар» Республикалық педагогикалық сайысында Жоғарғы сынып педагогтары арасында «Педагогикалық идеялар» бағыты бойынша І дәрежелі диплом (Астана-2018 ж.), Қ.С.Ерғалиев (Мемлекеттік ғылыми стипендия, 2018) және Б. Сағындықұлы («ЖОО үздік оқытушысы - 2021» конкурсы). Ы.Б.Шақаман (Үздік ғылыми қызметкер – 2023), Сағындықұлы Б («Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін», 2023)
Атақ алу - ҒЗЖ-ның сапасы мен тиімділігінің тағы бір өлшеуіші. Есеп беріліп отырған жылы қауымдастырылған профессор атағына Қ.С.Ерғалиев ие болды.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы редколлегия мүшелері болып табылады: С.Н.Сүтжанов – «ПМПУ Хабаршысының» редколлегия мүшесі; С.Н.Сүтжанов пен Ә.Д.Әміренов Ы.Алтынсарин шығармашылығы туралы зерттеу еңбектерінің 5 томдық топтамасының редколлегия мүшесі.
2019 жылы кафедра оқытушысы Н.Қ.Ахтаева Монғолия университетінде «Применение компетентностного подхода в обучении казахскому языку студентам педагогических вузов РК» тақырыбында кандидаттық диссертациясын, 2020 жылы кафедра оқытушысы Ж.Қ.Сағынтаева Монғолия университетінде «Педагогические условия формирования коммуникативной компетенции учащихся» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.
БББ оқытушылары әр түрлі халықаралық, республикалық, аймақтық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға, сонымен қатар ҚРБжҒМ ЖАК ұсынған отандық басылымдарда, Нөлдік емес импакт-факторы бар журналдардағы басылымдарда жыл сайын мақалалар жариялайды.
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары туралы
Қазақ тілі мен әдебиеті БББ-ның студенттері ғылыми-зерттеу бағытында халықаралық, республикалық, институтішілік ғылыми конференцияларға қатысады. Сондай-ақ кафедраның оқытушы-профессорларының жетекшілігімен әртүрлі ғылыми басылымдар мен конференция материалдарында студенттердің ғылыми мақалалары жарияланады.
БББ ПОҚ жетекшілігіндегі студенттердің ғылыми-зерттеу нысаны қазіргі таңдағы жалпы филологиялық өзекті мәселелерге бағытталған. Тіл білімі тұрғысынан тіл теориясы, құрылымы, семантикасы, жеке және жалпы тіл білімімен қатар тіл білімінің сөйлеуге тән қазіргі өзекті мәселелерін қозғайтын когнитивтік лингвистика, прагмалингвистика, әлеуметтік тілтаным, мәтінтаным, дискурс, оқыту әдістемесі және т.б. мәселелер қарастырылды. Әдебиеттану ғылым бойынша қазақ әдебиеті тарихы, теориясы, сыны тұрғысынан жалпылама алынған тақырыптар мен қатар көркем мәтінді филологиялық талдау, мәтіннің құрылымдық-мазмұндық аспектілері, мәтін семантикасының теориялық негіздемесі сияқты мәселелер нысандалған. Бұның өзі студенттерді ғылыми бағыттауда таптауырын болған тақырыптардан оқшауландандырып филологияның (тілтаным мен әдебиеттану) жаңа даму үрдісіне, әлемдік филологияның жетістіктеріне қарай жетелеу кафедраның биылғы оқу жылындағы жетістігі болып табылады.
Жоғары оқу орындары студенттерінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша ХІ республикалық пән олимпиадасы бойынша Өскемен қаласында өткізілген студенттердің республикалық пән сайысында ҚТӘ-41, ҚТӘ-31 тобының студенттері А.Әділбек, А.Адамжанова, А.Ашимовалар «Абылай хан бейнесі арқылы ұлттық болмысты және қазақ даласының жеті қырын тану» (Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында) тақырыбымен ғылыми жоба сайысына қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Сондай-ақ, ҚР БжҒ министрлігінің тікелей бастамасымен өткен «Студенттердің 100 үздік идеясы» атты республикалық байқауға «Тіл туризмі» тақырыбымен қатысқан Ә.Оразбек ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. және «Астана кітап» баспасының ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық «Жас қаламгер» атты студенттер арасындағы балаларға арналған әңгіме жазу сайысының аймақтық кезеңінде ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2019 жылғы дәстүрлі «Жаңа қоғамдағы жастардың әлеуеті: білім және ғылым саласы» атты ХV институтішілік студенттердің ғылыми конференциясы өтті.
ҒЗЖ басымдықтары ЖОО-ның стратегиялық дамуы мен миссиясына сәйкес келеді.
Кафедраның білікті профессор-оқытушылар құрамы инновациялық білімнің дамуын, филология ғылымдарының неғұрлым өзекті салаларында академиялық білім мен ғылыми зерттеулерді біріктіру негізінде элиталық және білікті мамандар дайындығын, іргелі зерттеулердің дамуын камтамасыз етеді, бұның өзі ЖОО-ның миссиясына сәйкес келеді: ұлттың зияткерлік әлеуетінің дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының педагогикалық элитасын қалыптастыру.
ППУ миссиясы Даму стратегиясының мақсаттары мен мақсаттық индикаторларында көрініс тапқан.