Перейти к содержимому страницы.

Кітапхана

Кітапхана 1962 жылы оқу орнымен қатар құрылған Павлодар педагогикалық институт құрылымының жетекші бөлімі ретінде ашылды. Кітапхананы ашу бойынша жұмыстарын жүргізген Елизовета Романовна Черникова басқарды. Инвентарлық кітаптағы алғашқы жазу 1962 жылғы 9 қарашада жазылды, бұл «Орысша - немісше сөздік», ал айдың аяғында № 1 инвентарлық кітап аяқталды, кітапхана қорына 5 мыңнан аса кітаппен толықтырылды.

1963 жылы институтқа Торайғыров көшесінен жаңа ғимарат берілді,  екінші қабаттан үлкен аудиториядан абонемент пен оқу залы ашылды.           

1964 жылдың сәуірінен бастап кітапханаға 4 қызметкер жұмыс істей бастады. Кітапхана қоры жыл сайын көбейіп 14 мыңға жетті.

1967-68 оқу жылында кітапхана қызметіне библиограф мамандығы берілді. Алғашқы библиограф Г.В. Кромм атқарды. Библиограф Галина Васильевна жұмысының бірінші күнінен бастап бірінші курс студенттерімен кітапханалық сабақтарды өткізуге, оқу үдерісіне библиографиялық құралдарды насихаттауға атсалысты. Оның жүйелі мақсаткерлік жұмысының арқасында кітапханалық-библиографиялық білімі (КББ) негіздері бойынша сабақтарды алдымен филология факультетіне, содан кейін екі факультеттің (1972ж.) сабақ кестелеріне енгізе бастады, ал 1975 жылдан бастап КББ оқу курсы барлық факультеттерде міндетті түрде жүргізілді.

1973 жылдың жазында кітапхана биология-химия факультетінің ғимаратына көшірілді. Мұнда екінші қабатта абонемент, оқу залы орналасты, ал негізгі кітап қоймасы астыңғы қабатта жайғасты. Кітаптар абонементке оқырмандардың тапсырыстары бойынша қоймадан лифт арқылы көтерілді. Сол кезде кітапханада 8 ғана қызметкер жұмыс істеді. Кітапхана меңгерушілерінің және библиографтың жұмыс орындары абонементте және оқу залында орналастырылды.

1974 жылдың маусым айында кітапхананы В.Т.Белошапкина басқарды. Басшылықтың ауысуына бірінші директор Е.Р.Черникованың зейнеткерлікке кетуіне себеп болды. Жаңа басшы кітапхананың бірінші кезекті міндетін анықтамалық аппаратты жетілдіруді – қызметті редакциялау және оқырман каталогтарын жасауды белгіледі. Жаңа оқу жылында оқырмандарға каталогтар қойылды.

1975 жылы кітапхана мәселелерін шешу үшін белсенділік танытқан кітапханалық кеңесі құрылды. 18 жыл бойы кітапхана кеңесінің тұрақты төрағасы орыс тілі кафедрасының доценті Л.К. Бурцева атқарды. Кеңес кітапхананың материалдық-техникалық базасын нығайтуға және кітапханашылардың барлық мәдени бастамаларын әкімшіліктер қолдады.

1976 жылдан бастап педагогикалық институттың кітапханасы Павлодар қаласындағы педагогикалық училищесінің  кітапханасына әдістемелік көмек көрсете бастады. Сол жылдағы басты жаңалық көпданалы оқу әдебиеттердің инвентарсыз есептеуін енгізу, бұл жаңа әдебиеттерді өңдеудің мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік берді. Оқу залында оқырмандарға қоғамдық-саяси әдебиеттерге ашық қол жеткізуі ұйымдастырылды. КАА (кітапханааралық абонемент) арқылы оқырмандардың тапсырыстары бойынша Кеңес Одағының 31 кітапханасынан әдебиеттер қабылданды.

1979 жылы ҚазКСР Білім министрлігінің шешімімен кітапхана IV санатқа көшірілді, бұл жоғары оқу орны кітапханасының құрамындағы толықтыру және өңдеу бөлімі, анықтамалық-библиографиялық бөлімі, қызмет көрсету бөлімдерін ерекше көрсетуге, кітапхана қызметкерлерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

1981 жылы қордың өсуіне байланысты бөлмелерді қайта жаңғырту жүргізілді, нәтижесінде кітап қоймасына алаңдар қосылды, жаңа бөлімдер, кітапхана басшысына шағын болса да жеке кабинет бөлінді. Кітапханада 15 қызметкер жұмыс атқарды.

1983 жылы институт кітапханашылары Павлодар қаласындағы алғашқылардың қатарында әдебиеттердің жаңа жіктелуін – КБК-ны енгізді.

1982 жылдың сәуір айында «Кафедрадағы ақпараттық жұмыс» атты әдістемелік семинар өткізілді.

1986 жылдың қазан айында кітапхана алғаш рет қоғамдық мамандар факультетінде (ҚМФ) «қоғамшыл-кітапханашы» мамандығы бойынша сабақтар ұйымдастырды.   Сол жылы кітапхана қызметкерлері облыстық әмбебап кітапханасы ұйымдастырған қалалық кітапханашы күнінің концертінде өз өнерлерін көрсетті.

1988 жылы кітапханалық кеңесті химия кафедрасының доценті Л.М. Сиромаха басқарды.

1990 жылы оқу үдерісінің кезеңдік әдіске көшуіне байланысты кітапхана түгелдей қызмет көрсету жүйесін басқаша құрды, оқу топтарына әдебиеттерді іріктеудің принциптерін өзгертті.

1991 жыл кітапханада 28 қызметкер жұмыс істеді. Кітапхана қорында 367867 дана кітап болса, жыл соңында 13045 жаңа кітаптар түсті. Кітапхана бірыңғай оқырман билетімен 4425 қызмет көрсетті, оқырмандар саны 9 мыңнан асты. Кітапхананың келушілер саны 115240-қа, кітап беру саны 352537 данаға жетті.

1997 жылы жаңа мерзімді басылымдар залы ашылды.

1998 жылы «Сорос-Қазақстан» қорының гранты бойынша кітапханаға бірінші компьютер мен интернет қорларына тегін қол жеткізу табыс етілді.

1999 жылы кітапханашылар «Кітапхана 4.0» бағдарламасының базасында электронды каталогты жасауға кірісті.

2001 жылы кітапхана құрылымында медиатека пайда болды.

2004 жылдың сәуір айынан бастап білім беру және ғылыми қорлардың, электронды журналдардың, дәстүрлі кітаптар мен мерзімді басылымдардың электронды көшірмелерінің жүйелендірілген жинағы болып табылатын электронды каталог қалыптаса бастады.

2007 жылы Ғылыми кітапхана директоры Светлана Шаймұратқызы Исақанова тағайындалды.

2010 жылдан бастап ҚР ЖОО қауымдастығымен ынтымақтастық шеңберінде ПМПИ Республикалық жооаралық электронды кітапхананың (РЖЭК) мүшесіне қабылданды.

2011 жылдан бастап кітапхана ҒТАҒО АҚ лицензияланған келісім базасында (e-Library.kz) Бірыңғай электронды кітапхананы жасауға қатысады. Ұлттық лицензия шеңберінде Thomson Reuters және Springer, Elsevier толық мәтінді дерекқорларға қол жеткізілді.

2012 жылдан бастап ғылыми кітапхана Қазақстанның педагогикалық кітапханалары арасында республикамыздың ЖОО кітапханалары қауымдастығының мүшесі бірінші болды. 2012 жылы институттың 50 жылдығына орай ғылыми кітапханаға жерлес ғалым, тарих ғылымдарының докторы Ермұхан Бекмахановтың есімі берілді.

2014 жылдың ақпан айында Торайғыров көшесіндегі оқу залына 26 компьютермен, заманауи проектормен, телевизор және сканермен жабдықталды және А.С. Катеринин атындағы білім беру ақпараттық қорлар залы ашылды.  Барлық залдарда интернетке шығуы бар сандық қызмет көрсетудің медиа-зоналар жұмыс істеуде.

Жастар арасында кітап оқуды насихаттау үшін ғылыми кітапхана BOOKCROSSING атты бүкіләлемдік қозғалыстың қатысушысы болды. Бұл кеңісітік пен уақыттың шегін жоятын халықаралық кітап клубы.

2017 жылы Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана директоры Роза Ержанқызы Игібаева тағайындалды.

2017 жылы бесінші рет ғылыми кітапхана «Кітап. Уақыт. Қоғам» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

2018 жылы ғылыми кітапхана ПМПУ ғалымдары еңбектерінің «Мобильді кітапханасы» жобасын іске қосты.

2019 жылы Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханада технологиялық және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі таратылды.