ХVIII Халықаралық Еуразия ғылыми форумының қатысушысы
2021 жылғы 29 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл: тарихи бағдары, даму белестері мен болашағы» атты XVIII Халықаралық Еуразия ғылыми форумы өтті.
Форум жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласының идеяларын іске асыруға, әлемдік қоғамдастықтың тарихшы-ғалымдарымен тұрақты диалог алаңын құруға бағытталған.
Форум жұмысына көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, Ресей, Түркия, Украина, Моңғолия, Бурятия, Қазақстанның жетекші ғалымдары қатысты. Павлодар педагогикалық университетінің Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Гүлфира Елубайқызы Өтепова «Қазіргі кезеңдегі тарихи білім берудің кейбір аспектілері» тақырыбында баяндама жасады.