Бас бухгалтердің бос лауазымына арналған конкурс
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- жоғары бейінді білім (бухгалтерлік есеп, қаржы, экономика) ;
- кәсіби бухгалтер сертификатының болуы;
- бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, есептік-талдамалық жұмыс саласындағы жұмыс өтілі кемінде соңғы 5 жыл, оның ішінде жұмыс бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл.
- ҚР Бухгалтерлік есеп туралы заңнамасын, Салық кодексін, бюджет заңнамасын білу;
- аудит және ревизия бақылауының негіздерін білген жөн;
- 1С: Бухгалтерлік есеп, Excel, электрондық есеп беру жүйелерін білу;
- білім беру мекемелерінде немесе мемлекеттік секторда жұмыс тәжірибесі құпталады;
- жауапкершілік, егжей-тегжейлі мұқият болу, команданы ұйымдастыра білу.
Міндеттері:
- басқарушылық, статистикалық, қаржылық және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру;
- бухгалтерлік және қаржылық есептілікті қалыптастыру (оның ішінде мемлекеттік органдар үшін);
- университеттің қаржылық стратегиясын әзірлеу;
- бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізу және бақылау;
- бюджет және бюджеттен тыс қаражаттың пайдаланылуын бақылау;
- бухгалтерия жұмысын ұйымдастыру, міндеттерді бөлу;
- қаржылық тәртіптің орындалуын бақылау;
- аудиторлармен, банктермен, салық органдарымен өзара іс-қимыл.
Қажетті құжаттар тізімі:
- өтініш;
- кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;
- өмірбаян;
- қосымшасымен қоса білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;
- медициналық кітапша (флюорография, терапевт, жұмысқа рұқсатнама);
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).
- жеке куәліктің көшірмесі;
- Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істемейтін тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін басқарма төрағасы - ректорының атына өтініш береді (еркін түрде). Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін, деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).
Құжаттарды қабылдау 2025 ж. 18 қыркүйектен бастап 2025 ж. 29 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140000, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, персоналды басқару бөлімі, 125-кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33, kense@ppu.edu.kz («Конкурсқа» деген белгімен).