УНИВЕРСИАДАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ!
14.05.2025
Түркістан қаласында өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасындағы ХІ жазғы Универсиадасында Марғұлан университетінің студенттері жүлделі орындармен оралды!
19 университет қатысқан үстел теннисінен Қыздар құрама командасы 3-ші орынға ие болды:
Касымова Наргиз(ДТС-11КД)
Зейнулла Айзере(ФКС-33)
Бещембаева Даяна(ПМНО-32)
24 университет қатысқан үстел теннисінен Ұлдар құрама командасы 3-ші орынға ие болды:
Хазкен Әділ (ФКС-43)
Инырбаев Алишер (ФКС-35)
Қабдылуахитов Әмірәлі (ФКС-37)
Амангельды Амир (ФКС-24)
Тоғызқұмалақтан «Марғұлан ерлер» командасының құрамы 2-орынды иеленіп, университет абыройын асқақтатты!
Студенттерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!