Вице-декан бос лауазымына арналған конкурс
«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ
профессор-оқытушы құрамының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі
- Вице-декан – 1 бірлік.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (ғылыми-педагогикалық бағыт) немесе жоғары (специалитет) білім;
- кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық қызметте жұмыс өтілі;
- оқытатын пәннің бейіні бойынша соңғы 3 жылда және оқыту курсында кемінде 72 (жетпіс екі) сағат көлемінде, соңғы 3 жылда жасанды интеллект (курс, тағылымдама), инклюзивті білім беру әдістемесі бойынша курс (тағылымдама) кемінде 72 (жетпіс екі) сағат, соңғы 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет менеджмент саласында біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы;
- соңғы 5 жыл ішінде журналдарда кемінде 3 мақаланың болуы (конференцияларға қатысу).
Қосымша ақпарат
Жеке құзіреттіліктері және қасиеттері:
- ынтымақтастық және әрекеттестік;
- парасаттылық;
- көшбасшылық;
- бастамашылдық;
- күйзеліс тұрақтылығы.
Ескертпе:
- Қажетті мөлшерден асатын ғылыми мақалалары болған жағдайда соңғы бес жылда Web of Science/Scopus базасына кіретін журналдардағы бір мақала ҚР ҒЖБМ ҒЖББСБК-ның басылымдар тізіміне енгізілген журналдардағы екі мақалаға теңестіріледі;
- кемінде 1450 АЕК бюджеті бар бір ҒЗЖ-ға жетекшілік ету Web of Science/Scopus базасына кіретін журналдардағы бір мақалаға теңестіріледі;
- кемінде 1450 АЕК бюджеті бар бір ҒЗЖ-ға қатысу ҚР ҒЖБМ ҒЖББСБК-ның және оған теңестірілген басылымдар тізіміне енгізілген журналдардағы бір мақалаға теңестіріледі;
- Қажетті мөлшерден асатын ғылыми мақалалары болған жағдайда соңғы бес жылда Web of Science/Scopus базасына кіретін журналдардағы үш жарияланым бір монографияға теңестіріледі;
- соңғы бес жылда философия докторы (PhD) дәрежесі берілген бір докторантқа ғылыми жетекшілік ету бір монографияға теңестіріледі;
- шетелдегі оқу/тағылымдама/жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады.
Қажетті құжаттар тізімі:
- өтініш;
- кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;
- өмірбаян;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;
- жұмыс орны (қолданыстағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған, еңбек қызметін растайтын, құжаттың көшірмесі;
- ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі;
- соңғы жұмыс орнынан мінездеме (болған жағдайда);
- құжаттарды ұсыну күніне дейінгі алты айдан асырмай берілген, № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- Жоғары мектептің даму бағдарламасы жобасының таныстырылымы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын).
Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін басқарма төрағасы – ректордың атына өтініш береді, ғылыми жұмыстары және өнертабыстарының тізімін, мінездеме ұсынады. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
- мінездеме;
- ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- туберкулезге қарсы ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
- Жоғары мектептің даму бағдарламасы жобасының таныстырылымы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын).
Басқа қалалардан келген үміткерлер құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде kense@ppu.edu.kz электронды мекенжайына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды жібере алады. Бұл жағдайда, әңгімелесуді өткізуге дейін екі сағаттан кешіктірмей комиссия хатшысына түпнұсқа түрінде құжаттардың толық тізімін ұсынады. Құжаттардың толық емес тізімін ұсыну әңгімелесуден өтуге бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
2025 ж. 23 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 6 қаңтарды қоса алғанда, құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140000, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, персоналды басқару бөлімі, 125-кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33, kense@ppu.edu.kz («Конкурсқа» деген белгімен).