Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ардагері
Садыкова Камила Жұматайқызы - Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ардагері, ұзақ жылдар бойы жас ұрпаққа білім мен тәрбие берген тәжірибелі ұстаз.
Ол өз еңбек жолын жоғары оқу орнында студенттермен тығыз байланыста өткізіп, тарих ғылымы мен педагогика саласында білікті мамандар даярлауға үлкен үлес қосты. Камила Жұматайқызы жаңа және қазіргі заман тарихы пәндерінен дәріс оқып, студенттердің ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметке қызығушылығын арттыруға айрықша көңіл бөлді.
Көп жылғы ұстаздық тәжірибесі мен адамгершілік ұстанымы арқылы талай шәкірттің жүрегіне жол тауып, олардың кәсіби қалыптасуына ықпал етті.
Бүгінде оның шәкірттері еліміздің білім беру саласында табысты еңбек етіп келеді.
Университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымы тарапынан Камила Жұматайқызың Алғысхат пен ақшалай сыйлығымен қуантылды.
Камила Жұматайқызының есімі – Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің тарихында ерекше құрметпен аталатын ұстаздардың бірі.


