ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!!!
Сізге 2022-2023 оқу жылының күзгі семестрінде бакалавриат студенттері үшін академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша шетелде (Еуропа елдері) оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар тапсыру мерзімінің ұзартылуы туралы хабарлаймыз.
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі - 2022 жылғы 29 сәуір.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
-
білім алушының нысан бойынша өтініші;
- ҚР азаматы төлқұжатының көшірмесі;
- ЖОО-ның мөрімен куәландырылған ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт (2 дана);
- шетел тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады):
- шетел тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері (IELTS, TOEFL) арқылы алынған сертификат болған жағдайда немесе
- шетел тілінің деңгейі бар студентті қабылдауға шетелдік жоғары оқу орнының келісім хаты немесе,
- қазақстандық ЖОО-ның тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес) (тестілеуді интернационалдандыру бөлімі 105 кабинетте өткізеді);
- № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығушыға; үміткер шақырушы университеттен шақыру хатын алғаннан кейін);
- нысан бойынша шетелге оқуға шығатын Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасы;
- Қазақстан Республикасынан кету кезінде он сегіз жасқа толмаған жағдайда үміткердің ата-анасының, қорғаншыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі;
- студенттің көп балалы отбасынан шыққандығын растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
- студентте ата-анасының болмауын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қорғаншылығынсыз қалған студенттер санаты үшін (бар болған жағдайда);
- студенттің мүгедектігін растайтын құжат (жеке өтініш бойынша СҚКО-да беріледі).
- университетте оқу уақытында алынған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
- өлшемді 3x4 4 дана
Конкурсқа құжат тапсырудың екі тәсілі бар:
- Интернационалдандыру бөлімі арқылы (бас ғимарат, 105 кабинет)
- «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы
Барлық сұрақтар бойынша +7-7182-65 16 09 телефоны немесе inter_pspi@mail.ru эл. поштасы арқылы интернационалдандыру бөліміне хабарласыңыз.