Перейти к содержимому страницы.

«Тәуелсіздікке 30 жыл: қазақстандық даму жолы»

      Түркия Республикасының Токат Газиосманпаша университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған іс-шара өтті. Аталған іс-шара Павлодар педагогикалық университеті, Еуразия гуманитарлық институты және Түркі әлемін зерттеу орталығының оқытушылары мен докторанттарымен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шара бір минут үнсіздік пен екі мемлекеттің ұлттық әнұрандарымен салтанатты түрде ашылды.

      Іс-шара аясында ұйымдастырылып өткізілген конференцияда Қазақстанның тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрлері қарастырылды. Павлодар педагогикалық университеті Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Г.Е. Өтепова «Тәуелсіздіктің 30 жылы: қазақстандық даму жолы» тақырыбынада баяндама жасады.

      Мәдени шаралармен жалғасқан конференцияның кезекті бөлімінде қонақтар мен қатысцшылар арнау, қазақтың халық әндері мен қара жорға биін тамашалауға мүмкіндік алды.  

      Іс-шара барысында Токат Газиосманпаша университетінің ректоры, профессор Б. Шахин мен Ғылым және әдебиет факультетінің деканы, профессор Е. Тунч атынан т.ғ.д, профессор Г.Е. Өтепова мен «Тарих» білім беру бағдарламасының докторанты Б.Қ. Ақшолақоваға іс-шараны дайындауға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.   

      Іс-шара барысында орын алған маңызды оқиғалардың бірі – белгілі қазақ қайраткері және жазушы М. Жұмабаевты еске алу құрметіне университеттің профессорлық аллеясына ағаш отырғызу рәсімі болды.

      Іс-шара соңында барлық қатысушылар қазақ халқының ұлттық тағамдарынан дәм тата алды.

 

Авторы: Б.К. Ақшолақова, А.М.Садыкова,

«Тарих» ББ