Перейти к содержимому страницы.

Тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімнің бастығы

«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық

университеті» КеАҚ бос лауазымға орналасуға арналған конкурс жариялайды: 

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары білім, басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.

Сіз:

- бөлімнің жұмысын үйлестіресіз және бақылайсыз;

- бөгде мемлекеттік және өзге де ұйымдарды тарту арқылы университеттің тәрбие қызметін дамытуға жәрдемдесесіз;

- мемлекеттік мерекелерге арналған мәдени іс-шараларды дайындауды және өткізуді, құқықтық және саяси мәдениетті және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал ететін, патриотизм, интернационализм сезімін дамытатын, нашақорлықтың алдын алуға және құқық бұзушылықтарға қарсы күреске ықпал ететін іс-шараларды дайындауды және өткізуді жүзеге асырасыз.

Қосымша ақпарат

Жауапкершілік пен адалдықтың жоғары деңгейі, өз бетінше шешім қабылдауға және олар үшін жауапкершілікке дайын болу, кәсіби этиканы сақтау, сыбайлас жемқорлық әсеріне төзімділік (сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау), командада жұмыс істей білу, стресске төзімділік.

Қазақ және орыс тілдерінің жазбаша және ауызша дағдыларын меңгеруі, ағылшын тілі болғаны дұрыс.

Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажет, ұйымдастыру техникасы және с.с., ДК (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және басқа) меңгерудің жоғары деңгейлі дағдылары.

Қажетті құжаттар тізімі:

-        өтініш;

-        кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;

-        өмірбаян;

-        қосымшасымен қоса білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

-        қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;

-      медициналық кітапша (флюорография, терапевт, жұмысқа рұқсатнама);

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

-      конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;

-      тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).

-      жеке куәліктің көшірмесі;

- Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істемейтін тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін басқарма төрағасы - ректорының атына өтініш береді (еркін түрде). Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

-      конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;

-      тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін, деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).

Құжаттарды қабылдау 2025 ж. 11 наурыздан бастап 2025 ж. 20 наурызға дейін жүргізіледі.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140002, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, персоналды басқару бөлімі, 125-кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33.