Перейти к содержимому страницы.

Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті - 2026

Құрметті М.Қанапиянов атындағы жоғары колледжінің студенттері мен оқытушылары!

Сіздерді ауқымды іс-шара - «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» республикалық конкурсының басталғаны туралы хабардар етеміз.

Бұл жоба дарынды жастарды қолдауға, педагогикалық және жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге, сондай-ақ еліміздің үздік білім алушыларының жетістіктерін тануға бағытталған. Байқау оқуда, қоғамдық қызметте және кәсіби шеберлікте табысқа жеткен көшбасшыларды анықтауды көздейді.

Кім қатыса алады?

Байқауға әртүрлі байқауларда, олимпиадаларда, жарыстарда, конференцияларда, еріктілер қозғалыстарда белсенділік танытқан студенттер, сондай-ақ жобалардың, инновациялық идеялардың, стартап-жобалардың авторлары шақырылады.

Конкурстың өткізілу кезеңдері Конкурс үш кезеңнен тұрады:

  1. Ішкі кезең: Біздің колледж базасында өткізіледі. Іріктеу қорытындысы бойынша өңірлік деңгейге қатысу үшін 5-тен аспайтын үздік кандидат ұсынылады.
  2. Өңірлік кезең: Республикалық кезеңге Павлодар облысынан 10 үздік өкілді іріктеу.
  3. Республикалық кезең: «TOP 100 STUDENTS» платформасындағы финалдық онлайн-дауыс беру және сарапшылар комиссиясының бағалауы.

Топ кураторларын кандидаттарға әдістемелік қолдау көрсетуге, ал студенттерді - біздің колледжіміз бен Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің атын республикалық деңгейде лайықты танытуға шақырамыз!

Толық ақпарат алу және ішкі кезеңге өтінім беру үшін №305 кабинетке хабарласуға болады.