Технопарк мүмкіндіктері
Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер үшін:
- педагогика саласында ғылыми зерттеулер мен стартап-жобаларды ұйымдастыру және жүргізу, жаңа білім беру технологиялары мен әдістемелерін әзірлеу және сынақтан өткізу
- ПОҚ мен студенттердің ғылыми-зерттеу қызметінің әзірлемелерін жүйелеу
- ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру мәселесі бойынша өзара іс-қимылдың әртүрлі форматтарында шеберлік сыныптарын, семинарларды ұйымдастыру және өткізу
- консультациялар өткізу және ПОҚ-ның ұлттық және халықаралық ғылыми жобалар мен гранттарға қатысуын ұйымдастыру
- білім беру процесіне ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін енгізу мониторингі
- педагогикалық практикада ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қолдану бойынша ұсынымдар әзірлеу
- ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқу бағдарламалары мен білім беру процесіне енгізу
- білім беру, ғылыми және өнеркәсіптік ұйымдармен әріптестік қатынастар орнату
- ғылыми және білім беру жобаларын бірлесіп іске асыру
- ПОҚ цифрлық сауаттылықты және ғылыми-білім беру қызметінде жасанды интеллект технологияларын пайдалануды оқыту
- ПОҚ және студенттердің сұрауы бойынша психологиялық консультациялар өткізу.
Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін:
- білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
- ғылыми-практикалық іс-шараларды (семинарлар, конференциялар, форумдар)ұйымдастыру
- білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін педагогикалық Технопарк базасында жүргізілетін тәжірибелік-конструкторлық, зерттеу және жобалау жұмыстарының нәтижелері туралы хабардар ету
Оқушылар үшін:
- жаратылыстану-ғылыми және технологиялық бағыттағы оқу пәндері бөлігінде жалпы білім беру ұйымдарының психологиялық-педагогикалық бағыттағы сыныптарының қызметін сүйемелдеу
- оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын, талапкерлермен мақсатты жұмыс жүргізу
- оқушыларды түрлі олимпиадаларға, конкурстарға қатысуға практикалық даярлауды ұйымдастыру және өткізу
- оқушылар үшін оқу семинарларын, конкурстарды, пікірталастарды, олимпиадаларды және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.