Перейти к содержимому страницы.

ТЕАТР — РУХАНИ ДАМУДЫҢ МАҢЫЗДЫ БІР БӨЛІГІ!

27.09.2026

Университеттің қолдауымен бейімделу апталығы аясында студенттердің шығармашылық және мәдени дамуын қолдау мақсатында 26 қыркүйек күні студенттер Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театрына барды.

Іс-шараға 100 студент қатысып, театр қойылымын тамашалап, мәдени ортада уақыт өткізді.

Студенттердің мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған мұндай іс-шаралар университет өмірінің маңызды бөлігі болып табылады.

Студенттерге жаңа әсер, көтеріңкі көңіл-күй және рухани азық сыйлаған ерекше кеш болды!