Перейти к содержимому страницы.

Тарихшы ғалымдар эксперт сертификатын иеленді

Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің «Тарих» білім беру бағдарламасының профессор-оқытушы құрамының өкілдері – тарих ғылымдарының докторы, профессор Отепова Гүлфира Елубаевна, кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Абдрахманов Бауыржан Нариманұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Молдакимова Әлия Сәрсенбайқызы және тарих мамандығы бойынша философия докторы (PhD), доцент Садықова Айгүл Маратқызы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді бағалау сарапшыларын оқыту бойынша курстан сәтті өтті.

Аталған курс Дүниежүзілік банктің қолдауымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы аясында ұйымдастырылып, 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айлары аралығында өткізілді. Курс мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендеріне халықаралық тәжірибе негізінде сараптама жасауға бағытталған.  

 

Авторы: Садыкова А.М.