Перейти к содержимому страницы.

Тарихи қайта жаңарту бойынша мектеп оқушыларына арналған мастер-класс

2021 жылдың 3 қарашасында Павлодар педагогикалық университетінде жауынгерлердің қару-жарақтары мен сәулет құрылыстарын тарихи қайта жаңарту бойынша мастер-класс өтті.

Іс-шара оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, білімдерін тереңдету мақсатында өткізілді. Қатысушылар – Павлодар қаласының Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушылары.

Іс-шара барысында «Тарих» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты Еркеш Серік оқушыларды тарихи қалпына келтіру бағыттарымен, түрлі материалдармен (қағаз, металл, сіріңке) жұмыс жасаудың қыр-сырымен, қайта жаңарту жұмысында 3D-модельдеу бағдарламасын қолданудың ерекшеліктерімен таныстырды. Сонымен қатар магистранттың негізгі жұмыстары – ежелгі грек шлемінің макеті, сауыт элементі және «бес қара» жиынтығы көрсетілді.

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің доценті, PhD Айгүл Садықова:  «Оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық, 3D-модельдеу бағдарламасымен жұмыс істеуге деген ынталары байқалды. Қатысушылар тарапынан сұрақтар көп болды. Мұндай мастер-класстар тарихқа деген қызығушылықты арттыруға, ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын дамытуға ықпал ететіні даусыз", – деп атап өтті.