Перейти к содержимому страницы.

Тарих

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының құрамында Кәсіптік оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасы 2004 жылы құрылды. Кафедрада «Кәсіптік оқыту» және «Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік» жоғары кәсіптік білім беру мамандықтары, ал 2009 жылдан бастап «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша кадрлар даярланды. Кафедраның бірінші меңгерушісі п.ғ.д. Алинова М.Ш. болды.

2004-2006 жылдар аралығында кәсіптік оқыту кафедрасында «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша магистранттар даярланды. Осы кезеңде профессор М.Ш. Алинованың жетекшісімен 16 магистр қорғалды.

1

Кәсіптік оқыту теориясы және әдістемесі кафедрасының ПОҚ, 2010 ж.

Кәсіптік оқыту кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы құрамында бірнеше жылдар бойы п.ғ.к. Абишева С.И., п.ғ.к. Адилова В.Х., Арсемерзаев Ш.А., Бектурганова И.Ш., п.ғ.к. Даниярова А.Н., Ибраева Н.Е., Қабдырова Л.Т., т.ғ.к. Кәрімов К.Г., Каир А.К., Кощегулова Г.Б., Машрапова Х.К., п.ғ.к. Нугманова Ф.Б., т.ғ.д. Смайлова Н.Т., Смыков А.С., п.ғ.к. Сырымбетова Л.С., Шпиев В.А. педагогтар жұмыс істеді

1

Кәсіптік оқыту теориясы және әдістемесі кафедрасының ПОҚ, 2012 ж.

Педагогикалық қызметін п.ғ.д. профессор Алинова М.Ш., Алинова Г.С., Байтанаева М.А., Балташева П.Н., Даулетова И.Г., Джуматаева А.И., Ижанова Р.Д., п.ғ.к. Курабаева Ф.А., Нурумов Б.А., Трубецкая К.И. профессор-оқытушылар құрамын жалғастыруда.

1

"Көркем еңбек, графика және жобалау" БББ ПОҚ 2014 ж.

Орта білім беру мазмұнының жаңаруына, «Технология» және «Бейнелеу өнері» екі мектеп пәнінің 2017-2018 оқу жылынан бастап мектепте «Көркем еңбек» жаңа пәнге интеграциялануына, 2019-2020 оқу жылынан бастап 10-11 сыныптарда «Графика және жобалау» пәнінің енгізілуіне байланысты «Сызу» пәнінің орнына «Көркем еңбек және сызу» және «Көркем еңбек, графика және жобалау» бакалавриатының білім беру бағдарламалары әзірленді. 

2021 жылдан бастап «Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасы бойынша магистрлерді даярлау жүзеге асырылуда.

1

"Көркем еңбек, графика және жобалау" БББ ПОҚ 2022 ж.