Білім беру бағдарламасының тарихы
Кафедра тарихы 1987 жылдан бастау алады. Кафедраның алғашқы меңгерушісі Т.И. Денисова болды.

Бастауыш білім беру кадрларын педагогикалық даярлаудың бастауында тұрғандар: п. ғ. к. доцент В. В. Маткин, ф. ғ. к., доцент З. А. Монастыренко, аға оқытушылар Л. Г. Базарбе кова, Ж.Ш. Ягодина, Н. М.Сечина, Г. Сарсеке, Т. Н.Фомина, А. М.Жомартов, Н. С. Асенова, М. А. Кененбаева, Б. А. Нурумов.


Әр жылдары кафедраны п.ғ.к., доцент И.В. Коровайко, к.п.н., доцент С.В. Осипова, п.ғ.к., доцент В.К.Омарова, ф.ғ.к., доцент Г.Н. Негметова, п.ғ.к., доцент Н.С. Асенова, п.ғ.к., доцент М.А. Кененбаева, к.б.н., доцент Г.Т. Тусупбекова, к.п.н., доцент З.Е. Жумабаева басқарды.




2018 жылдың қазан айынан 2025 жылға дейін кафедраны п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Жапарова Бағлан Мағауқызы басқарды.

Қазіргі таңда «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының жетекшісі – PhD докторы Калимова Асемгуль Джамбуловна.

Бағдарлама аясындағы профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми-педагогикалық әлеуеті 5 педагогика ғылымдарының кандидатын, 2 PhD докторын, 5 аға оқытушыны және 2 оқытушыны қамтиды.
Білім беру бағдарламасы өзінің құрылған уақытынан бастап бастауыш білім беру жүйесі үшін кәсіби құзыреттілігі жоғары педагог кадрларды даярлау миссиясын жүзеге асырып келеді. Бағдарлама түлектері еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болып, жалпы орта білім беру ұйымдарында, кәсіби оқу орындарында және даму орталықтарында табысты еңбек етуде.
2018 жылы бағдарлама шеңберінде «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша магистратура ашылды. Магистратура деңгейіндегі білім беру үдерісінде психологиялық-педагогикалық және арнайы циклдерге кіретін пәндерді меңгеруге, соның ішінде жоғары мектепте оқыту әдістемесін игеруге ерекше назар аударылады. Педагогикалық жоғары мектептің кадрлық және ғылыми-зерттеу әлеуеті магистранттардың ғылыми ізденістеріне жоғары деңгейде жетекшілік етуге мүмкіндік береді.
«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» бағыты бойынша білім беру бағдарламалары Аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігінің аккредитациясынан өткен, бұл олардың сапасы мен халықаралық талаптарға сәйкестігін айғақтайды.