Тарих
«Информатика», «Білім берудегі ақпараттық технологиялар» ББ игеру барысында жалпы білім беру, базалық және бейіндік циклдер пәндері оқытылады. 2020-2021 оқу жылында жүзеге асырылатын курстардың жалпы саны – 20 бакалавриат, 10 магистратура, 5 курс ағылшын тілінде. «Информатика» ББ білім беру деңгейлерінің біліктілік шеңберіне және кәсіби стандарттарға сәйкес келетін болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, сондай-ақ нарық қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Бейіндік пәндер блогы кәсіби құзыреттерді қалыптастыру үшін қажетті ғылыми білім салаларын қамтиды. Модульдердегі пәндер осы мамандықтың ерекшелігін толық көрсетеді және студенттерге кәсіби қызметте білім, білік, дағды алуға мүмкіндік береді.
«Информатика» ББ ПОҚ ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысып, баяндамалар жасайды, Thomson Reuters, Scopus және ЖАК базаларымен индекстелетін ғылыми журналдарда жарияланады. Оқу-әдістемелік құралдар шығарады, электронды оқу құралдары мен цифрлық білім беру ресурстарын әзірлейді, зияткерлік меншік объектілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер алады.
«Информатика» ББ оқытушылары Қазақстанда да, шетелде де әртүрлі ғылыми-зерттеу институттарымен және зертханалармен белсенді ынтымақтасады, бұл ғылыми тағылымдамадан өтуді білдіреді.
«Информатика» ББ-ын іске асыруға шетелдік консультанттарды тарту ББ профессорлық-оқытушылық құрамы келесі шетелдік жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті:
- University of Sussex. Брайтон, Ұлыбритания;
- Информатика және радиоэлектроника Белорусс мемлекеттік университет, Минск, Беларусь Республикасы;
- Наварра мемлекеттік университет, Памплона, Испания;
- Братислава экономикалық университеті, Словацкая Республика;
- National Inter-University Consortium for Telecommunications, Италия.
В целях реализации основных параметров Болонского процесса в НАО Павлодарского педагогического вуза действует модульно-кредитная система обучения, в ее рамках в университете осуществляется программа академической мобильности. Внешняя академическая мобильность проходила в следующих зарубежных вузах:
- Варненский университет менеджмента, Добрич, Болгария;
- Vytautas Magnus University, Каунас, Литва.
Болон процесінің негізгі параметрлерін іске асыру мақсатында КЕАҚ Павлодар педагогикалық ЖОО модульдік-кредиттік оқыту жүйесі жұмыс істейді, оның шеңберінде университетте академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылады. Сыртқы академиялық ұтқырлық келесі шетелдік жоғары оқу орындарында өтті:
- Варна менеджмент университеті, Добрич, Болгария;
- Vytautas Magnus University, Каунас, Литва.
«Информатика», «Білім берудегі ақпараттық технологиялар» ББ болашағы мыналармен байланысты:
- ағылшын тіліндегі курстардың ұлғаюымен (біздің студенттердің коммуникативтік және тілдік құзыреттерін кеңейту мақсатында);
- курстарды жаңғырту және білім беру бағдарламаларын үнемі жаңартып отыру;
- ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін тұрақты арттыру;
- ғылыми қорлар есебінен іске асырылатын ғылыми жобалар санын ұлғайту;
- РҒДИ / Wos / Scopus деректер базасында индекстелетін жарияланымдар санының ұлғаюымен қамтамасыз етіледі.
«Информатика» ББ ұжымы ғылыми жұмыспен белсенді айналысады, бұған «Информатика» ББ ПОҚ-ның гранттық қаржыландырылатын ғылыми жобаларға белсенді қатысуы дәлел бола алады.
«Информатика» ББ студенттері, магистранттары мен оқытушыларының қарамағына Интернет желісіне қолжетімділігі бар оқу-зерттеу зертханалары ұсынылған, сондай-ақ кафедраның ПОҚ үшін Интернетке шығу мүмкіндігі бар дербес компьютерлер бар. «Информатика» ББ 2 мамандандырылған оқу-зерттеу зертханасы бекітілген: робототехника және компьютерлік жүйелер зертханасы (№5-404), STEM білім беру зертханасы (№1-325). Оқу бөлмелері заманауи оқу жиһаздарымен, компьютерлік техникамен, дәстүрлі және мультимедиялық тақталармен, стендтермен, зертханалық жабдықтармен, көрнекі стендтермен жабдықталған.
ББ түлектері келесі бағыттар бойынша жұмыс істей алады:
- орта мектепте информатика мұғалімі, сондай-ақ колледждерде, орта кәсіптік лицейлерде информатика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде) және аралас пәндер оқытушысы;
- жүйелік әкімші;
- IT саласында бағдарламашы.