"Тарих" білім беру бағдарламасының апталығы аясында Ы. Алтынсаринның 180 жылдығына арналған пікірталас өтті.
"Тарих" білім беру бағдарламасының апталығы аясында Ы. Алтынсаринның 180 жылдығына арналған пікірталас өтті.
Іс-шараға "Тарих" білім беру бағдарламасының студенттері, "Ақиқат" және "Veritos" интеллектуалды дебат клубтарының мүшелері қатысты. Іс-шара барысында ГҒЖМ профессоры А.М. Сыздыкова таным процесінде әртүрлі пікірлермен жұмыс істеудің маңыздылығын түсіндірді. Магистрант Есенқұл Ақәділ қатысушылар арасында "Ы. Алтынсаринның білім саласын дамытуға қосқан үлесі" тақырыбында пікірсайыс өткізді. Қатысушылар білім беру жүйесіндегі гендерлік аспект туралы мәселені әр тараптан қарастырып, көптеген "жақтаушы" және "қарсы" пікірлерді талқылады.