Перейти к содержимому страницы.

«Тарих» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері үшін айтулы күн

2021 жылдың 21 қазанында біздің студенттер Павлодар қаласының маңында орналасқан Байдала қорымындағы археологиялық қазбаларға барып, өткенге саяхат жасады. Margulan Centre қызметкерлері жүргізіліп жатқан зерттеулердің әдістемесімен таныстырып, қызықты да ерекше археологиялық артефактілерді көрсетті.

Студенттер Қимақ қағанатының ескерткіштері туралы толық ақпарат ала отырып, адам қабірін зерттеу процессі мен жануарлар сүйектерінің жерлеу орындарын көрді.

Негізгі мақсат Ертіс өңірінің тарихи мұрасын зерттеу және сақтау болып табылатын археологиялық қазбалар біздің студенттер арасында үлкен кәсіби қызығушылық тудырғаны анық!