Перейти к содержимому страницы.

Тарих

ББ «Құқық, тарих және кәсіпкерлік»

2004ж 3 ақпанындағы №128 ҚР білім және ғылым министрлігінің жеке республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес педагогикалық  институт 2004 жылдың сәуір айынан бастап Павлодар мемлекеттік педагогикалық институт ретінде дербес жоғары оқу орын болып бөлінді. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтта тарих, экономика және құқық кафедрасы құрылды, оның құрамына 5 кафедра енді. Сонын ішінде Философия және құқық кафедрасының каф. меңгерушісі болып т.ғ.к. Г.Е. Отепова болды. экономика және әлеуметтік менеджмент кафедрасының меңгерушісі әлеуметтану ғылымдарының докторы,профессор А.Н.Силин болды.

2006 жылдың қазанында  кафедралардың оқу процесінде тиімді жұмыс істеулеріне байланысты философия және құқық кафедрасы экономика және әлеуметтік менеджмент кафедрасымен қосылып, философия, экономика және құқық деп аталды.

2008 оқу жылында Философия, экономика және құқық кафедрасы Экономика, құқық және философия кафедрасы деп өзгертілді, оның кафедра меңгерушісі болып заң ғылымдарының кандидаты, доцент Жетпісов С.Қ. басқарды.

2009 жылы «Экономика, құқық және философия» кафедрасын саяси ғылымдарының кандидаты, доцент Касымова А.К.

2010-2012 жылдары «Экономика, құқық және философия» кафедрасын з.ғ.к., доцент Жамулдинов В.Н.

2013 жылдан бастап «Экономика, құқық және философия» кафедрасын з.ғ.к., доцент Иксатова С.Т.

2018 жылы «Құқық және экономика негіздері» (ғылыми-педагогикалық бағыт) мамандығы бойынша білім магистрлерін дайындау басталды.

2019 жылы ПМПУ Назарбаев Университетінің тәжірибесіне негізделген жаңа басқару моделін енгізді. Тік құрылымнан көлденең басқару құрылымына көшу жүзеге асырылды. Бұл университет кафедраларының құрылымында көрініс тапты. Барлық факультеттер педагогикалық мамандықтар тобының классификаторы негізінде Жоғары мектептер болып өзгертілді, кафедралар таратылды, олардың орнына оқу бағдарламалары құрылды. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы «Құқық және экономика негіздері» ЕП болып өзгертілді.

2019 жылы мүдделі тараптармен (жұмыс берушілер) және «Құқық және экономика негіздері» ББ түлектерімен бірлесе отырып, «Білім берудегі кәсіпкерлік» инновациялық ББ әзірленді, ол сәтті жүзеге асырылады.

2022 жылы білім беру қызметі саласындағы еңбек нарығын талдау нәтижелері бойынша жұмыс берушілермен бірлесіп «Құқық, тарих және кәсіпкерлік» инновациялық білім беру бағдарламасы әзірленіп, білім беру бағдарламасының жекшісі PhD, қауымдастырылған профессор Алпысбай Н.А. болып тағайындалды.

Кафедраның (ББ) қалыптасуы тарихында мен дамуына зор үлес қосқан көрнекті ғалымдарды, еңбек сіңірген оқытушыларды атап өту қажет: философия ғылымдарының кандидаты, Загупаров К.Ф., философия ғылымдарының кандидаты, профессор Рогова Л.И., тарих ғылымдарының докторы, профессор Өтепова Г.Е.