Тарих апталығының ашылуы
2021 жылдың 18 қазанында Павлодар педагогикалық университетінде тарих апталығының ашылу салтанаты өтті.
Іс-шара барысында "Тарих" білім беру бағдарламасының жетекшісі Бауыржан Нариманұлы Абдрахманов барша қатысушыларды апталықтың ашылуымен құттықтады. «Апта аясында өткізілетін іс-шаралар пән бойынша білімді тереңдетуге, теориялық білімді күнделікті өмірде қолдана білу қабілетін қалыптастыруға, сонымен бірге білім алушылардың шығармашылық, коммуникативтік, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, мамандыққа кәсіби тұрғыдан бағдарлануына оң ықпал етеді", - деп атап өтті Бауыржан Нариманұлы.
Апталықтың ашылу барысында ұйымдастырушылар тарапынан іс-шараға қатысушыларға мультимедиялық сүйемелдеу материалдары бар қызықты тапсырмалар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.
"Тарих" білім беру бағдарламасының білім алушысы – іс-шараның жүргізушісі, 2 курс магистранты Еркеш Серіктің пікірінше барлық қатысушылар өткеннің күнге ойша саяхат жасап, көптеген қызықты мәліметтер алып, өздерінің шығармашылық белсенділігін танытуға мүмкіндік алды.
Тарих апталығы аясында төмендегі іс-шаралар жоспарланған:
• аптаның салтанатты ашылуы; қатысушылар үшін қызықты тапсырмалар;
• Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Менің Қазақстаным" викторинасы;
• Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бейнероликті тамашалау (онлайн);
• Ы. Алтынсариннің 180-жылдығына арналған пікірсайыс турнирі;
• аптаның ресми жабылуы.
Авторы: А.М. Садыкова ,
«Тарих» ББ