Перейти к содержимому страницы.

Тарих

Өткен ғасырдың 50 жылдары облысымызда өндіріс және ауылшаруашылықтың өркендеуімен ерекшеленді. Осындай себептер аймақтың халық санының күрт өсуіне әсерін тигізді. Бүл жағдай мұғалімдердің тапшылығына әкеліп соқты. Осының бәрі қаламызда педагогикалық институттың ашылуына себеп болды. Институттың тарихы физика-математика факультетінің тарихымен тығыз байланыста болды. 1962 жылдың желтоқсан айында ашылған Павлодар педагогикалық институтының құрамында «Математика және физика» кафедрасы болды. Кафедра меңгерушісі Қ.Д.Жоламанов болды, ал ол кафедрада Т.Қ.Шаяхметов, Ғ.М.Мұқанов, Е.Е.Солтан, В.В.Кириллов еңбек етті.

1964 жылы кафедра «Математика» (Қ.Д.Жоламанов) және «Физика» (Кириллов В.В.) екі кафедраға бөлінді.

hist2

1965 жылы «Математика» кафедрасының негізінде «Алгебра, геометрия және МОӘ» (Қ.Д.Жоламанов) және «Математикалық талдау» (А.М.Датқаев) кафедраларды ашылды.

1973 жылы «Алгебра, геометрия және МОӘ» (Қ.Д.Жоламанов) және «Геометрия» (Солтан Е.Е.) екі кафедраға бөлінді.

Математикалық кафедраларда Т.Қ.Шаяхметов, Ғ.М.Мұқанов, Солтан Е.Е., Ө.З.Зикрин, А.М.Датқаев, Шаталина М.И., Р.Х.Саукенов, Бессчетнова А.И., Кушкова К.Е., Н.Ж.Хайруллина, Здор В.К., Тучинский Л.А., М.М.Аяшинов, Л.Г.Базарбекова, Кадькалов В.Г., Т.С.Сматов, Е.Д.Дүйсекулов, Ш.Қ.Касенов, Р.С.Бокаева, Н.Қ.Машрапов, Кадькалова Т.И., Дюсембаев Б.Б. еңбек етті.

Оқу пәндерінің көбейуіне байланысты физика кафедрасы да екі кафедраға бөлінді «Жалпы физика» (Никифоров А.С.) және «Теориялық физика» (Цвейман Е.В.).

Сол кездегі физика кафедраларының бір ерекшелігі оқытулық қызметке Бүкілодақтық конкурспен алынған оқытушылар көп болды. Олардың фундаменталдық және әдістемелік деңгейлері жоғары болды. Солардың қатарында физика-математика ғылымдарының кандидаттары, доценттер Ровкин В.И., Добромыслов В.Н., Ермаков Н.А., Дубровский В.Н (философия ғылымдарының докторы). Тимченко И.Н. болды. Сол кездерде аталмыш ғалымдар ғылыми-методологиялық семинарларды жоғары деңгейде өткізіп жүрді. Осы семинарлардық арқасында оқу процессінің сапасы жоғарлады. Кейін көптеген түлектеріміз кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғады. Олардың арасында п.ғ.д.Ахметова Г.К., п.ғ.д. Нұрымжанова К.А., ф.м.ғ.к. Игонин С.И., ф.м.ғ.к. Саликбаева Т.Ш., ф.м.ғ.к. Зименюк А.И. бар.

Пединститут ашылғаннан кейінгі жылдары институт қарқынды өсті. 1 курсқа түскен студенттер саны артты студенттер санының өсуіне байланысты сабақтар екі маусымда өткізілетін болды.

Жаңа оқу ғимараттары, жүзу бассейні, асхана салынғаннан соң оқу-тәрбие процесстерінің жақсаруына мүмкіндіктер туды. Институт облыста белгілі бола бастады. Факультеттердегі білім беру сапалары да біраз өсті.

Оқытушылардың физика-математикалық білімдерді жетілдіруге өз үлестерін қосты. Мысалы, Павлодар қаласының №3 және №6 мектептерінде ашылған математикалық сыныптарда алғашқы мұғалімдері ретінде Кадькалов В.Г. және Солтан Е.Е. жұмыс жасады.

Әр жылдары пединститутта кафедра меңгерушілері болып Дроботун Б.Н., Павлюк И.И., Панова Т.И., Абдыкалыков А.Д., Кадькалова Т.И., Беркуцкий В.Я., Мұқанов Ғ.М., Машрапов Н.Қ., Солтан Е.Е., Ковтунец В.А., Қайырбаев Қ.Қ., Макиенко Н.Ф., Никифоров А.С., Игонин С.И., Нұрымжанова К.А., Махметов Т.С., еңбек етті.

Математика және физика кафедраларында сол кездерде Қоңырбаев Т.Т, Ганелин Д.Г., Ваккер Л.Н., Кушкова К.Е., Маникуянц Л.Г., Хайруллина Н.Ж., Цвейман Н.П., Ивко М.Н., Дроботун Б.Н., Найманов Б.А., Беркуцкий В.Я., Павлюк И.И., Мүбараков А.М., Цвейман Е.В., Ардашева И., Гостищев П.И., Кұдышев А.К., Саликбаева Т.Ш., Гутенко А.Д., Алова Н.И., Дубровский В.Г., Шестакова Л.Т., Қапаров С.Е., Иманбаев Ғ.Ж. еңбек етті.

Өткен ғасырдың 80 жылдары бүкілодақтық аттестациялау кезінде физика кафедрасына сарапшы ретінде академик, Ярослав мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры п.ғ.д. Селевко Г.К. келді. Ол физика кафедрасының жетістіктеріне жоғары баға берді.

Студент Циглинцова Л. (ғылыми жетекшіші Нұрымжанова К.А.) республикалық конкурста 2 орын алды және ол Бүкілодақтық конкурста (Москва қаласы) грамота алды. Студент Қасымжанова Р. 1986 жылы Вильнюс қаласында өткізілген Бүкілодақтық конкурста 3 орын иемденді және 3 дәрежелі дипломмен мараппатталды (ғылыми жетекшісі Нұрымжанова К.А.). Студент Дубицкая И.Н. (ғылыми жетекшісі Найманов Б.А.) 1989 жылы өткізілген Студент және ғылыми-техникалық прогресс атты Бүкілодақтық конкурстық Республикалық кезеңінде 1 орын алды және соңымен қатар 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Сол жылы Киев қаласында өткізілген шешуші кезеңінде «Мектеп курсындағы дифференциалдық теңдеулер» атты тақырыпқа М.Горький атындағы Киев мемлекеттік педагогикалық институтінде баяндама жасады. Осы баяндама қазылар алқасынан өте жоғары баға алды және И.Н.Дубицкаяға аспирантураға түсуге ұсыныс жасады.

Институт оқытушыларынының құрамынан бүгінгі күнге дейін 40 жылдан астам математика және физика кафедрасында институт ардагерлері Н.Қ.Машрапов, Н.Ж.Хайруллина, Кадькалова Т.И., Б.А.Найманов жемісті еңбек етуде. Олар кафедраның профессорлары және студенттерге дәрісті өте жоғары деңгейде оқып жүр.

Білім беру сапасындағы еңбектері жоғары бағаланып, олар «ҚазССР халық ағарту ісінің үздігі» «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» , «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін», «Ы.Алтынсарин», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», төсбелгілерімен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

2010-2015 жылдары математика және физика кафедрасының меңгерушісі болып ф.м.ғ.к. Саликбаева Т.Ш., ал 2015 жылдың қырқүйегінен бүгінгі күнге дейін Ш.Н.Сарымова қызмет жасап келеді.

Қазіргі кезде кафедра жаңа ақпараттық және оқыту технологияларды қолданып жұмыс жасауда. Сонымен қатар кафедрада сапалы білім беру үшін барлық жағдайлар жасалған, олардың ішінде физика пәндерін жүргізу үшін жаңа лабораториялық құралдармен жабдықталған. Осы жерде айта кету керек, студенттер жыл сайын өткізілген республикалық олимпиадаларда математика және физикадан әр уақытта жүлделі орындарды иемденіп жүр.

Математика және физика кафедрасынын ұстаздары өз шәкірттерімен мақтанады. Біздің түлектеріміз облыс мектептерінің барлығында дерлік жемісті еңбек етіп жүр. Көптеген түлектеріміз диссертациялар қорғап, Қазақстанда және шетелдерде жұмыс жасап жүр. Атап айтсақ, олардың қатарында Қ.Ш.Арынғазин, Павлюк И.И., Беркуцкий В.Я., Найманов Б.А., Краснослободская Г.В., Абишева Г.К., А.Д.Абдыкалыков, А.М.Мұбараков, Резцова Л.Н., Е.А.Туяқов, Ж.Ғ.Мұқанова, Ж.Хырхынбай, Саликбаева Т.Ш., Қ.А.Нұрымжанова, Н.А.Испулов,Ш.Н.Сарымова, Игонин С.И., Жүкенов М.Қ., Асылбаев Р.Н., Ельтинова Л.А., Досанов Т.С.

histor1

2018 жылғы Математика және физика кафедрасы

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Сейтханова Айнұр Куспековна "Физика" және "Математика" білім беру бағдарламаларының жетекшісі болып табылады.