Перейти к содержимому страницы.

СТУДЕНТТЕР ДЕНСАУЛЫҚ, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?

16.09.2026

Марғұлан университетінде 1 курс студенттеріне арналған бейімделу аптасы аясында денсаулық сақтау және психологиялық қолдау мәселелеріне арналған кездесу өтті.Кездесу барысында Практикалық психология орталығының басшысы Ольга Колюх студенттерге университеттегі психологиялық қолдау қызметі, мамандарға жүгіну мүмкіндіктері және жаңа ортаға бейімделу кезеңінде психологиялық жай-күйге көңіл бөлудің маңызы туралы айтып берді.

Сондай-ақ университеттің медициналық пунктінің мейіргері Дархан Картаев студенттерге денсаулықты сақтаудың негізгі қағидалары, медициналық көмек алу тәртібі туралы түсіндірді. Сонымен қатар студенттерге Данель емханасына тіркелу мүмкіндігі мен оның тәртібі жөнінде ақпарат берілді.

Кездесудің басты мақсаты  1 курс студенттеріне университеттегі медициналық және психологиялық қолдау мүмкіндіктерін таныстырып, жаңа білім беру ортасына жайлы бейімделуіне қажетті ақпарат беру.