Стратегиялық жоспарлау және мониторинг бөлімі бастығының бос лауазымына арналған конкурс
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары кәсіптік білім, білім беру жүйесінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Сіз:
- университетті дамытудың бағдарламалық құжаттарын қалыптастыруды қамтамасыз етесіз, іске асырылуын талдауды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырасыз;
- стратегиялық жоспарлау процесін ұйымдастырасыз және қамтамасыз етесіз, стратегиялық мақсаттарды әзірлейсіз, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін пысықтау жөніндегі іс-шараларды жүргізесіз;
- ЖОО қызметін жақсартуға бағытталған ЖОО-ның стратегиялық құжаттарын, әлеуметтанулық сауалнамалар мен сұрау салуды іске асыру процестеріне мониторинг жүргізу кестесі мен тәртібін жоспарлайсыз;
- қоғамның экономикалық және әлеуметтік өміріндегі білім беру және ғылыми салалардың даму үрдістеріне сәйкес ЖОО-ның даму бағдарламасын түзету бойынша ұсыныстарды қалыптастырасыз, ауытқуларды анықтау бойынша жұмысты ұйымдастырасыз;
- ақпаратты жинау мен талдауды үйлестіру, мониторинг жүргізу қорытындылары бойынша талдамалық шолу дайындайсыз;
- стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді бақылауды қамтамасыз етесіз;
- ЖОО-ның даму бағдарламасын іске асыру мониторингін жүзеге асыру, жиынтық есептілікті қалыптастыру жөніндегі қызметті қамтамасыз етесіз;
- офис директорына Ә. Марғұлан атындағы ППУ қызметінің негізгі бағыттарын стратегиялық жоспарлау мен мониторингті жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейсіз және енгізесіз;
- ИСО 9001 МС талаптарына сәйкес келетін жағдайда СМЖ қолдауын бақылайсыз, оның тиімді және нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз етесіз;
- СМЖ жақсартуға байланысты бағыттар бойынша бағдарламаларды әзірлеуге қатысасыз;
- сапа саласында туындайтын мәселелерді шешуге қатысасыз;
- ИСО 19011 МС талаптарына сәйкес ішкі аудиттерді жүргізуді жоспарлау, ұйымдастыру және жеке қатысу, олардың нәтижелерін өңдеу және сапаны басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізесіз;
- ішкі және сыртқы аудиттің нәтижесінде анықталған, сондай-ақ СМЖ нәтижелілігін талдау қорытындылары бойынша жүзеге асырылатын сәйкессіздіктерді жою және алдын алу бойынша түзету іс-қимылдарын әзірлеуге қатысасыз;
- СМЖ жаңа құжаттарын әзірлеуді және қолданыстағы құжаттарды өзектендіруді ұйымдастырасыз.
Қосымша ақпарат
Кәсіби құзіреттіліктер:
стратегиялық ойлау;
аналитикалық дағдылар;
тиімді жоспарлау және басқару;
жеделдік;
жауапкершілік;
өздігінен шешім қабылдай білу іскерлігі;
әлеуметтік бейімділік;
ынтымақтастық және өзара әрекеттестік;
командада жұмыс жасай білу.
Жеке құзіреттіліктері және қасиеттері:
көшбасшылық;
парасаттылық;
өзін-өзі дамыту;
тәртіптілік;
бастамашылдық;
қатынасымдылық;
ұйымдастырушылық қабілеттері;
өзін-өзі бақылау;
күйзеліс тұрақтылығы.
Қазақ және орыс тілдерінің жазбаша және ауызша дағдыларын меңгеруі, ағылшын тілі болғаны дұрыс.
Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажет, ұйымдастыру техникасы және с.с., ДК (OS Microsoft Windows, Microsoft Office, Excel және басқа) меңгерудің жоғары деңгейлі дағдылары.
Қажетті құжаттар тізімі:
- өтініш;
- кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс қағазы;
- өмірбаян;
- қосымшасымен қоса білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін төлнұсқалары;
- медициналық кітапша (флюорография, терапевт, жұмысқа рұқсатнама);
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істемейтін тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).
Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-да жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін басқарма төрағасы - ректорының атына өтініш береді (еркін түрде). Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағандығы туралы туберкулезге қарсы ұйымның анықтамасы;
- тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті және арнайы есепке алу комитетімен берілетін, деректердің болуы немесе болмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны болуы немесе болмауы туралы мәлімет (анықтама).
Құжаттарды қабылдау 2025 ж. 30 сәуірден бастап 2025 ж. 12 мамырға дейін жүргізіледі.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 140000, Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс, персоналды басқару бөлімі, 125-кабинет, 9ºº бастап 18ºº с. дейін, анықтама үшін тел. +7 (7182) 65-16-33, kense@pspu.kz («Конкурсқа» деген белгімен)