«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогигалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ішкі аудит қызметінің сарапшы-аудиторы бос лауазымына арналған конкурс жариялайды.
«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі 140000, Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс мекенжайында орналасқан «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогигалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ішкі аудит қызметінің сарапшы-аудиторы бос лауазымына арналған конкурс жариялайды.
Ішкі аудит қызметі тәуелсіз бағалауды жүзеге асыру, жүйелердің, процестер мен ақпараттың сенімділігі және тиімділігі туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен аудиторлық дәлелдемелерге объективті талдау жүргізеді және тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігі, Қоғамның ішкі саясаты, құжаттары мен процестерінің тиімділігі, бухгалтерлік есеп жүйесі мен олардың негізінде құрастырылған қаржылық/басқару ақпаратын қалыптастыру, қолданылатын ақпарат жүйелерінің сенімділігі, қауіпсіздігі мен сапасы, корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігі саласында ойқонымды кепілдіктер ұсынады.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
1) экономика және қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе қаржылық менеджмент және/немесе қаржы және кредит саласындағы жоғары білім;
2) кемінде екі жыл аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласындағы жұмыс өтілі, кәсіби бухгалтердің сертификаты;
3) Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің, оның ішінде аудиторлық қызмет пен бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша білімі;
4) Ішкі аудиторлар институтымен (The Institute of Internal Auditors Inc), Халықаралық аудит стандарттарымен әзірленген қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен ішкі аудиттің халықаралық кәсіптік стандарттарының білімі болуы құпталады;
5) қосымша арнайы дайындықтың болуы, атап айтқанда Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" Заңына сәйкес алынған "аудитор" біліктілік куәлігінің және/немесе CIA (Certified Internal Auditor) ішкі аудит саласындағы сертификатының және/немесе ACCA (Association of Certified Chartered Accountants) алқаби бухгалтері сертификатының болуы және/немесе Dip IFR (Diplomain International Financial Reporting) дипломы және/немесе CIPA (Certified International Professional Accountant) халықаралық кәсіби бухгалтері сертификатының болуы.
Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:
1) жиырма бес жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар;
4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер мынадай құжаттарды ұсынады:
1) арнайы үлгідегі өтініш;
2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) 3х4 үлгідегі түрлі түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының белгіленген үлгідегі қызметтік тізімі;
4) білім туралы құжаттар мен оларға қосымшалардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
5) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу ic-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсететін қызметті алушылар Конкурсқа қатысушылар 6, 7 және 8-тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде 140000, Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс мекенжайында орналасқан «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (109, 125-каб) ұсыну қажет, телефон: 8 (7182) 65-16-53, 65-16-33.