Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданады
Құрметті студенттер,
Сізге ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз. Өтініштер 10.05.2021 ж. дейін қабылданады. Құжаттар тізімі келесідей:
1) ЕCТS үлгісінде өтініш (мөр және қолымен) – 2экз
2) Үшжақты келісім-шарт (мөр және қолымен) – 3 экз
3) Оқу келісімі – 2 экз
4) Студенттің жеке оқу жоспары – 2 экз
5) Транскрипт (оқу үлгерімі тек В, А) – 2 экз
6) Жеке куәлігінің көшірмесі – 2 экз
7) Білім алушыға БББ жетекшісінен ұсыныс – 2 экз
8) Куратордан мінездеме-– 2 экз
9) Сурет 3х4 – 2 экз
GPA деңгейі – 2,67
Құжаттардың толық пакетін inter_pspi@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет. Тақырып жолында міндетті түрде ішкі ұтқырлықты көрсетіңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін Интернационалдандыру бөліміне, Бас корпустағы 105 кабинетке хабарласыңыз.
Тел: +7-7182-65-16-09
Ішкі тел: 374
⠀